2017 жылдың 23 мамырда сағат 12-ден 43 минут өткенде Апаттар медицинасы орталығы диспетчерлік пунктіне Астана қ. М.Бөгенбай 30 көшесіндегі құрлыс алаңында өзіне-өзі қол жұмсамақ болғандығы туралы қоңырау келіп түсті.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы мен психолог оқиға орнына шұғыл түрде шақыртуға барды.
Оқиға орнына келгенде келесідей ақпарат жиналды: 1969 жылы туылған ер азамат тұрғын-үй мәселесіне қатысты қиындықтарға байланысты мұнаралы краннан секіремін деп қорқытып, билік басқармасы өкілдерімен кездестіруді сұрады. ІІМ қызметкерлерімен сөйлесуден бас тартты, бірақ Апаттар медицинасы орталығы психологімен сөйлесуге келісімін берді.
Психологпен сөйлесу барысында өзіне-өзі қол жұмсамақ болған адамның бойындағы теріс эмоциялар, стресстік реакция – абыржулар қысқа мерзімді терапия арқылы қалыпқа келтірілді.
Барлық уақытта психолгтің жағынан өзіне-өзі қол жұмсамақ болған адамға шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатында тыңдау элементі бойынша психологиялық тұрғыда сөйлесу жүргізілді. Өз ойындағын айту мен мәселемен бөлісу.
ҚР ІІМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы психологінің көмегінің арқасында Астана қаласының тұрғынының өзіне-өзі қол жұмсау қауіпінен арашалады.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ