2017 жылдың 16-сы мен 23-ші мамыр аралығында Астана қаласының оқу орындарында: «№12 Бала бақша – бастауыш мектеп комплексі» ММ , «№29 Орта мектебі»КМК, «№41 Орта мектебі»ММ, «№72 Мектеп-лицейі» КМК, «№77
Гимназия мектебі» КМК Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар Комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі филиалы мынадай тақырыпта лекциялық сабақ өткізді: «Суда өзін-өзі ұстау ережесі мен суға кеткен адамды қалай құтқару керек және оған көрсетілетін алғашқы көмек көрсету принциптері»
Сабақ барысында суға кетудің барлық түрлері, суға кеткенде алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибелік дағдылары сипатталды, сонымен қатар манекен – тренажерде суға кеткен адамға көмек көрсету шаралары көрсетілді, оқушыларға суда өзін-өзі ұстау ережесі бойынша кітапшалар таратылды.
Оқушылар манекен-тренажерде суға кеткен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету мүмкіндігіне ие болды. Лекцияға 435 оқушы қатысты.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ