24 событие цмк 1 Апаттар медицинасы орталығы филиалдары мен төтенше жағдайлар аумақтық департаменттерімен өзара бекітілген кестесіне сәйкес, 16 мамыр мен 25 мамыр аралығында «АМО»ММ шұғыл психологиялық көмек көрсету бөлімінің психологтарымен Астана қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен психопрофилактикалық жұмыстар өткізілді.
24 событие цмк 2 Қызметкерлердің жеке-психологиялық және жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін, мінез-құлық ерекшеліктерін, өз-өзін ұстау ерекшеліктерін, ерiк-жiгер, көңіл-күй ерекшеліктерін, көру және моторлық реакцияларын, сонымен қатар психологиялық жағдайын зерттеу мақсатында алдын-ала психодиагностикалық зерттеулер өткізілді.
Оқу сабақтарының барысында жанжал жағдайдағы мінез-құлқын проекциялық әдіс арқылы анықтау мақсатында өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен 82 психодиагностикалық сараптама өткізілді.
Жұмыс қабілеттілігі мен интеграциясын бағалауға, жеке тұлға мен жеке тұлға қажеттілігін қанағаттандыруға кедергі келтіретін жанжал жағдай мен мен осы жағдайдан шығуды зертеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Жалпы командалық рухты қалыптастыру мен күшейту мақсатында команда құру бойынша тренингтер, сондай-ақ психоконсультациялық
іс-шаралар жүргізілді.
Психодиагностикалық сараптама негізінде әрбір зерттелушіге
жеке-психологиялық немесе жеке-психофизиологиялық ерекшеліктерінің біреуінің басымдылығына қарай қорытынды құрастырылады.
Осы сараптама жеке тұлғаларға уақытылы психологиялық көмек көрсетуге, өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің кәсіби және жеке өмірінде елеулі проблемалар тудыратын психологиялық дистресс жағдайының
алдын-алу іс-шараларын өткізуге ықпал етеді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ