uch zham 1 2017 жылдың 09 маусымда Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы трансшекаралық аумағында шарты табиғи өрт апатын өшіруге арналған өрт сөндіру – тактикалық жаттығуы көрсетілді.
Басқару органдарының, азаматтық қорғау мемлекетік жүйесінің қосалқы жүйесі мен тұрғындардың күші мен құралдарының өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дағдылары мен дайындық деңгейін жоғарылату, жергілікті атқарушы органдарының және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменттерінің ТЖ жоюдағы өзара әрекеттестігін, іс-әрекеттерінің реттілігін арттыру оқу-жаттығудың мақсаты болып табылды.
uch zham 2 Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Басқарма мүшелерін, азаматтық қорғау мемлекетік жүйесінің қосалқы жүйесі мен тұрғындардың күші мен құралдарын 2017 жылғы табиғи өрт жағдайына орай Жамбыл облысының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу әрекеті жоспарына сәйкес кең ауқымды табиғи өрт апатының алдын алуға дайындау» болды.
Оқу-жаттығу барысында филиалдың күштері мен құралдары әр түрлі дайындық режимдеріне келтірілді.
Хабарландыру сызба нұсқасы жасалып, «Жиналу» дабылы бойынша жеке құрамның іс-әрекеті, дабыл түскен кездегі кезекші-диспетчердің іс-әрекет алгоритімі, ТЖД жедел штабының Денсаулық сақтау департаментімен, жергілікті аумақтық органдармен өзара қарым-қатынасы жайлы сұрақтары, өрт болғанда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, Шұғыл әрекет ету облыстық жасағы құрамындағы ШӘЕБ-ның жұмысы қарастырылды.
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Жамбыл облысы бойынша филиалы