2 Mediki 1 Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.
Медицина ұғымының біздің өмірімізде алатын орны ерекше –Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен бірге төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық апаттардың алдын-алуға белсенді түрде ат салысады. Төтенше жағдай болған жердегі зардап шеккен адамдарға уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін зор үлес косады.
Мереке қарсаңында Төтенше жағдайлар комитетінің қабырғасында қарауындағы бөлімшелердің медициналық қызмет қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
2 Mediki 2 Осы жылы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де жоғары марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен ҚР ІІМ ТЖК «АМО»ММ Шығыс – Қазақстан облысы бойынша филиалының медбикесі Қисматқызы Махжан Акинжановаға берілді.
Өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, және Медицина қызметкерлерінің күніне орай, марапатқа ие болғандар:
- ҚР ІІМ ТЖК «АМО»ММ Павлодар облысы бойынша филиалының дәрігері Қабышұлы Марат Нуркимбаев – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мақтау қағазына ие болды;
- ҚР ІІМ ТЖК «АМО»ММ Алматы қаласы бойынша филиалының фельдшеі Құдайбергенұлы Жақсылық Сыдықов – ҚР ІІМ ТЖ төрағасының мақтау қағазына ие болды;
- ҚР ІІМ ТЖК «АМО»ММ Алматы қаласы бойынша филиалының фельдшері Қазбекұлы Қуаныш Есқараев – ҚР ІІМ ТЖ төрағасының мақтау қағазына ие болды;
Сонымен қатар «Макинск» трассалық медициналық – құтқару пунктінің дәрігері Дарібайқызы Айжамал Мырзалиеваға және ҚР ІІМ ТЖК «АМО»ММ Павлодар облысы бойынша филиалының фельдшері Бекетұлы Ерлан Смановқа Ішкі істер министрлігінің алғысы жарияланды.
Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Шын жүректен ақ жол тілеп, әр түрлі жағдайларда тұрақты иммунитет, қажымас қайрат, мықты денсаулық, мамандықтарыңыз жеңістерге толы болып алға ілгерлей берсін деп тілейміз!
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы»ММ