25 sdacha 4 Әрбір жылдың маусым айында бүкіл әлемде ерекеше күн болып саналатын – Халықаралық донор күні атап өтіледі. Ол күні бүкіл әлемде тегін қан тапсыру жайлы үгіт-насихат жүргізіледі.
Жыл сайын өткізілетін бұл шараның мақсаты: қан және оның өнімдерін тапсыру керек екендігі туралы ақпараттандырылу деңгейін жоғарлату және де адамдардың өмірін құтқарып қалу үшін өз еркімен әрі тегін қан тапсыратын донорларға алғыс айту болып табылады.
25 sdacha 5 Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің де Халықаралық донор күніне орай қан тапсыруға белсенді түрде қатысуы бірінші жыл емес, сонымен қатар олар азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлеріне үгіт-насихат іс-шараларын жүргізеді.
Қан тапсыру тек қан құюды талап ететін адмдарға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар қан тапсырып жатқан донорға да пайдалы, себебі мұндай процедура иммунитетті нығайтып және көптеген аурулардың алдын-алуға жәрдемдеседі.
Осы күнге дейін жасанды әрі тиімді қан алмастырушылар табылмаған, сондықтан донордың қаны көптеген науқастар үшін емдеудің тіпті өмірлерін сақтап қалудың жалғыз көзі болып табылады. Донор болу – бұл құрметке лайық іс және донордың өзіне де емдік пайдасы бар процедура болып табылады.
Іс-шараға Апаттар медицинасы орталығы мен трассалық медициналық – құтқару пункттерінен барлығы 76 қызметкер қатысты.
Акция нәтижесінде көптеген адамның өмірін құтқарып қалу үшін медициналық мекемелерге берілетін 30 литрден аса қан тапсырылды.
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы» ММ