
Жарыс бағдарламасы өрттен құтқару спортының барлық тәртібін құрады: шабуыл сатысымен көтерілу, 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту, өрт сөндіру эстафетасы мен жауынгерлік ұйымдастыру.
Апаттар медицинасы орталығы Маңғыстау облысы бойынша филиалының 3 адамнан құралған шұғыл әрекет ету бригадасы осы Чемпионатты медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
Кезекшілік ету барысында медицина қызметкерлері әр түрлі жарақттар мен соғылулар алып өздігінен қаралған 15 адамға арнайы мамандандырылған көмек көрсетті.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы»ММ