27 TSMK Avariya 1 Қарағанды облысы «Алматы-Екатеринбург» жол торабының 517 шақырымда екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы барысында төрт адам жарақат алып, бір адам қаза тапты.
Жол – көлік оқиғасы 2017 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 12:15 кеткенде болды. Жақын маңдағы трассалық пункт жол көлік оқиғасы орын алған жерден 12 шақырым қашықтықта орналасқан болып шықты. Шақыру алған соң шұғыл түрде 9 минуттан кейін Қарағанды облысы бойынша «Сарышаған» трассалық медициналық құтқару пунктінің медициналық – құтқару бригадасы жол – көлік оқиғасы болған жерге жетті.
Жол – көлік оқиғасы барысында бір адам қаза тапты. ТМҚП бригадасымен зардап шеккен төрт ересек адамға көмек көрсетілді. Үш адам орта дәрежелі ауырлықтағы жарақат алды және медициналық көмек көрсетілген соң өз орындарында қалдырылды.
Жолаушылардың бірі – Қырғызстан Республикасының азаматы болып шығып, бас-ми жарақаты мен аяқ жарақаты диагнозымен ТМҚП бригадасымен Приозерск қаласындағы ауруханаға жеткізіліп госпитализацияланды.
Трассалық пункт құтқарушыларымен жол – көлік апатында бүлінген автокөліктен қаза тапқан адмның денесін алып шығу авариялық – құтқару жұмыстары жүргізілді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы» ММ