02 ЦМК КазСПАС 1 Қыркүйектің 18-нен бастап ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Жартасты қала - Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару – 2017» құтқару жасақтарының 22 –ші республикалық жиын – семинары өтуде.
Осы жылы іс-шараға қатысу үшін еліміздің барлық аймақтарынан Төтенше жағдайлар комитеті құтқарушы жасақтарының 14 командасы келді. Жол – көлік оқиғасында зардап шеккендерді құтқару, суға батқан адамдарды құтқару, тез арада өртті сөндіру, тау ішінде жоғалып кеткендерді табу, қирандылар астынан адамдарды алып шығу – бұл тапсырмалардың барлығы құтқарушы жасақтарға сынақ болып саналып, қиын ситуациялық жағдайларда жарысқа түсіп және сол кезде олардың арасында жеңіл жарақаттар, суық тию сияқты аурулар болып тұрады.
02 ЦМК КазСПАС 2 Халықаралық жиын – семинарын медициналық және психологиялық қамтамасыз ету мақсатымен оқу-жаттығу полигоны аумағында Апаттар медицинасы орталығының далалық мобильді госпиталі орналасты.
Емдеу-диагностикалық комплекстің құрамына:
-далалық пункт басқармасы;
-шұғыл әрекет ету бөлімі;
-сұрыптау – эвакуациялау бөлімі;
-операциялық – шокқа қарсы бөлімі;
-психологиялық көмек пункті;
-автомобильді бөлім;
-материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімі кірді.
02 ЦМК КазСПАС 3 Құрамы 23 қызметкер мен 8 бірлік автомобильді техникадан құралған Апаттар медицинасының жасағына арналған айқын нозологиялық формалары бойынша, мерзімдік ауруларды ескере отырып, далалық орналасу жағдайындағы контингентті қамтамасыз етуге тән емдеу–диагностикалық іс-шаралардың көлемі алдын – ала бекітілген.
Медициналық қамтамасыз ету моделі ретінде амбулаторлық қабылдау мен емдеу режиміндегі квалификациялық медициналық көмек көрсету сызба-нұсқасы таңдап алынып, алдын-ала эвакуациялау жолдары қарастырылып, Алматы мен Қапшағай қалаларының емдеу мекемелерінің жақын маңда орналасуына сәйкес, қала мен облыстың денсаулық сақтау басшыларымен жиын – семинарға қатысқан науқастарды сәйкес аталған емдеу мекемелеріне жатқызу сұрағы бекітілген.
Қабылдау-сұрыптау бөліміндегі бөлімше жасағының ұйымдастырылған жұмысын қамтамасыз етуге әр уақытта кезекші медицина қызметкерлерінің кезекшілік жүргізуі ұйымдастырылды. Бұдан басқа шұғыл әрекет ету бригадасының бір бригадасы водолаз – құтқарушылардың жарысы өтіп жатқан Қапшағай қаласындағы акваториде тұрақты түрде кезекшілік етуде.
22 қыркүйек бойынша «АМО»ММ медициналық қызметкерлерімен көбінесе жедел респираторлық және созылмалы аурулардың асқынуымен қаралған 74 адамға көмек көрсетілді, бір зардап шегуші саусағын жарақатап алып, көмек көрсетілгеннен соң медициналық мекемеге жатқызылды. Барлық қаралғандарға толық көлемді медициналық көмек көрсетілді.
Медициналық қызметкерлер оқу-жаттығуға дайындалған, сондықтан толық көлемдегі зерттеу және емдеу жүргізе алады. Жарысқа қатысушылар орындарында қажет болса медициналық көмек ала алатындығын біледі. Бұл жағдайлар жарысқа қатысушыларды жоғары дәрежеде моральді рухтандыруға мүмкіндік жасап және берілген тапсырмаларды сәтті орындауға итермелейді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ