29 CMK 1 4 Ағымдағы жылдың 17 қазанында Құтқарушылар күніне орай және баспасөз – турын өткізу барысында БАҚ өкілдері ҚР ІІМ ТЖК«Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің қызметімен танысты. Іс-шараға қатысушылардың арасында – ақпарат агенттігінің қызметкерлері, республикалық теледидар қызметкерлері, газет журналисттері болды.
Баспасөз – турының жоспарына сәйкес журналисттерге апаттар медицинасның психологиялық қызметінің жабдықталуын таныстыру ұсынылды. БАҚ өкілдері Орталықтың психофизикалық зертханасы мен психологиялық тұрғыдан жеңілдеу бөлмесін аралап көріп, онда АМО-ның психологтарымен төтенше жағдайларда және күнделікті жұмыс барысында қолданатын психологиялық көмек көрсету әдіс-тәсілдерімен таныстырылды.
АМО басшысының орынбасары Т.Яровенко, Апаттар медицинасы орталығы психологтары өз ісінің мамандары екендігін атап өтті. Психологиялық қызметтің құрылуынан бастап, олар төтенше ведомстваның жеке құрамының қызметін психологиялық қамтамасыз етіп, психологиялық және психофизиологиялық диагностика мен психологиялық даярлық бойынша сабақтар өткізеді. Бұдан басқа психологтар жеке құрамның физикалық, психологиялық және профессиональдық жағдайын психологиялық алдын-алу және түзету жұмыстарымен айналысады.
Бірақ өзге де ведомствалық күштерінің психологтарынан өзгеше, АМО-ның психологиялық қызметінің мамандары арнайы тапсырмаларға ие – ТЖ кезінде зардап шеккендерге және оларға жақын адамдарға психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайлар аумағында әлеуметтік – психологиялық жағдайды тұрақтандыру іс – шараларын ұйымдастырады. Сонымен қатар зардап шеккендер мен төтенше жағдайларды жоюға қатысқандарда теріс әлеуметтік – психологиялық жағдай қалыптаспауының алдын-алуды жүзеге асырады.
Мамандандырылған психологиялық қолдау жақын адамдарды жоғалтып, қалыпты өмір сүруге қайтып оралуға үлкен көмек көрсетеді. «Себебі төтенше жағдайларда адамдар өздеріне психологиялық көмек алу қажет екендігін мойндамай, ерекше психоэмоциональді жағдайда болады», - деп АМО-ның психологі Илясова Н. айтып өтті.
Орталықтың психологтары қонақтарға психологиялық тұрғыдан жеңілдеу бөлмесіне өтізіп, жаңа техникалық құрылғыларды: тыңдап – көру комплексі, релаксациялық және массаждық кресланы, ауа – көпіршігі бар қабырғалық панелдерді, аромалампаны, аудио және видеоны іске қосу және өзге де психологиялық құрылғыларды қалауы бойынша қолданып көруді ұсынды.
Журналисттер барлығын көріп және «өздеріне» релаксациялық және массаждық кресланың емдік әсерін сезінді.
Бұдан басқа АӨБ-5 аумағында журналисттерге ТЖ кезінде шығуларға АМО-ның медицина қызметкерлерімен қолданылатын медициналық көлік түрлері көрсетуге ұсынылды.
Бұл реанимобиль, Камаз автокөлігі базасындағы мобильді медициналық комплекс және барлық жерде жүре алатын автокөлік түрі – ТРЭКОЛ. Техниканың барлығы тікелей ТЖ аумағында немесе медициналық эвакуация барысында қажетті реанимациялық іс – шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, қазіргі заман талаптарына сай жасалған медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілген.
Жедел жәрдем стандартты көліктерінен айырмашылығы, апаттар медицинасының көлігі қазіргі заманға сай құрылғылармен жабдықталған: дефибриллятор, электрокардиограф, ЖӨВ аппараты, көліктік монитор, пульсоксиметр, адам тасымалдаушы-каталк, сынықтары бар науқастарды тасымалдауға шина комплекттері, және де шұғыл медициналық көмек көрсету қобдишасы бар.
Медицина қызметкерлері үшін қажетті іс-шараларды ертерек өткізуге қолайлы жағдай болуы өте қажет, әсіресе реанимациялық іс – шараларды өткізуге, науқастың өмірін аман сақтап қалу үшін заманауй құрылғылардың болуы да шарт. Осындай заманауй құрылғылардың арқасында, мамандар жолда – көліктің ішінде және санаулы уақытты жоғалтпай-ақ терапияның интенсивті курстарын жүзеге асыра алады.
Журналисттерге АМО бригадасының медициналық құрылғылары мен техникасының жаңа үлгілерімен танысуға және медицина қызметкерлерінің шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша мамандандырылған даярлығының бірқатар элементтерін көрсеткен апаттар медицинасы орталығының мамандарымен тікелей тілдесуге мүмкіндік берілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ