Қазақстан Республикасында 19 қазан күні еліміздің барлық құтқарушылары дәстүр бойынша өздерінің кәсіби төл мерекесін атап өтеді.
27 CMK 1 Бұл күні, әдетте өрт сөндірушілер, суға сүңгуіршілер, құтқарушылар және кинологтар құрметке ие болады. Өз өмірлерін адамдардың өмірін құтқарып қалуға арнаған адамдардың жұмысын дұрыс бағаламау мүмкін емес – алайда, құтқарушылар тапсырмаларды әрдайым медицина қызметкерлерімен бірігіп шешіп отырады.
Мүмкіндігінше көбірек адамның көмекке қол жеткізуі мен аман қалуы үшін қобалжулар мен шатасулар болмауы керек. Осының бәрі Төтенше жағдайлар Комитеті апаттар медицинасы қызметінің иығына жүктеледі.
Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінен бірінші болып Республикалық шұғыл медициналық көмек орталығын құрды. 1994 жылы Орталық өз заманауи атауын алды – Апаттар медицинасы орталығы, ол түрлі жаппай зақымдану түрлері: табиғи апаттар, технологиялық және көлік апаттары, террорлық актілер кезінде халыққа көрсетілетін жедел және тиімді көмектің ұйымдастырушылық негізіне айналды.
Апаттар медицинасын әдетте жедел жәрдем деп қабылдайды, алайда олай емес. Жедел жәрдем дәрігері зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету бағытын ұстанады, және ол оның тікелей функциясы. Апаттар медицинасы дәрігері – бұл, ең алдымен, ұйымдастырушы және үйлестіруші. Ол қалыптасқан жағдайдың болжамын жасау үшін ТЖ сипаты бойынша, зардап шеккендердің саны және олардың жай-күйінің ауырлығы туралы ақпаратты жинақтау қажет, жедел штабқа шұғыл хабарлау керек, қажетті күштер мен құралдарды белгілеу тиіс. Апаттар медицинасы дәрігері ТЖ ошағы шекарасында барлық медициналық күштерге басшылық етеді, оның ішінде зардап шеккендерді қабылдау және іріктеу орындарын белгілей отырып, бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
27 CMK 2 АМО-да тәулік бойы құрамына дәрігерлер, фельдшерлер мен жүргізуші-санитарлар кіретін медициналық бригадалар жұмыс істейді. Жұмыс санитарлық автокөліктерде жүзеге асырылады, онда емделушілердің тіршілік ету функцияларын ұстап тұруға арналған барлық қажетті жабдық бар: ӨЖЖ аппараттары, кардиологиялық және анестезиологиялық жабдықтың шағын модификациялары.
АМО-ның негізгі емдеу-диагностикалық құралымы далалық көпсалалы госпиталь болып табылады. Ол ТЖ аймағында жұмыс істеуге арналған, онда зардап шеккендер мен науқастардың қабылдауы, олардың медициналық іріктеуі, білікті медициналық көмек көрсетуі, уақытша ауруханаға жеткізуі мен зардап шеккендерді одан әрі эвакуациялауға дайындауы жүзеге асырылады. ТЖ ошағында госпиталь сонымен қатар науқастанып қалған адамдарға, зардап шеккендерге амбулаторлық көмек көрсетеді. Мобильді госпиталь толық өрістетілген жағдайда тәулігіне 200-ге дейін зардап шеккенді қабылдауға және тасымалдауға келмейтін адамдарға арналған 50-ге дейін төсек жаюға қауқарлы.
Ағымдағы жылдың басынан бастап АМО-ның мамандары Шығыс Қазақстан облысында құлаған тікұшақты іздеу бойынша іздеу – құтқару операциясына, Жуалы ауданының «Көксай» шатқалындағы қар көшкінінен зардап шеккендерді құтқаруға қатысты, онда сегіз әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, одан әрі оларды Тараз қаласының әскери госпиталіне эвакуациялады.
Өрттер мен ЖКО-на шығулардан бөлек, АМО мамандары зардап шеккен шекарадан тыс Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға да қатысады, саяси және мәдени деңгейдегі көпшілік қатысатын іс-шараларды медициналық қамтуды жүзеге асырады, күртік қардан шығарады, тасқын су және су басу кезінде құтқарады.
2016-2017 жж. аралығындағы қыс мезгілінде АМО-ның және трассалық медициналық-құтқару пункттерінің бригадаларының күштерімен күртік қардан 700-ге жуық адам, оның ішінде 50 бала, сонымен қатар 3 аяғы ауыр әйел және қант диабеті диагнозымен 1 ауыр науқас құтқарылды. Одан басқа, трассалық пункттер жылыну пункттері ретінде қолданылды.
Көктемнің келуімен және Ақмола облысы, Атбасар қаласындағы көктемгі су көтерілуі болған аумақта он шақты үй су астында қалып, жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Зардап шеккен тұрғындарға медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында Апаттар медицинасы орталығының құрамы тек жоғары білікті мамандардан құралған 3 шұғыл әрекет ету бригадасы жұмылдырылып, олар барлық қажетті құралдар мен медициналық препараттармен жабдықталып, тәулік бойы төтенше жағдай режимінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.
Көмек су тасқыны болған аймақтың тұрғындарына, уақытша эвакуацияллау пунктеріндегі адамдарға, ТЖ зардаптарын жоюға қатысқан азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлеріне де көрсетілді. Дәрігерлер уақытша тұрақтау пунктеріндегі науқастарды және көшелердің бойындағы тұрғындарды қарап тексерді.
Атбасарда енді қауіп сейілгенде, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ Алматы қ. бойынша филиалының 12 адамнан құралған құтқару тобы екі аптадан аса халыққа көмек көрсетті.Науқастардың жүйке-жүйесі жұқарып және суықтауларына байланысты жиі созылмалы аурулары асқынып, ал жасы үлкен адамдарда – қан
қысымының жоғарлауы байқалды. Күні-түні барлық қаралған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Психоэмоциональді қобалжуды жою мақсатынмен – психологтар жеке әңгімелесулер жүргізді.
Барлық көктемгі кезең жұмыстары бойнша АМО-ның медициналық –психологиялық құрлымдарымен су тасқынын жою бойынша 284 қаралушыға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 7-уі бала, 18 адам құтқарылып және эвакуацияланды, оның 2-еуі бала болды. 154 азаматқа шұғыл психологиялық көмек көрсетілген, оның ішінде 28 бала бар. Көше бойындағы 300 ауланы аралап шықты.
Республикамызда Апаттар медицинасы орталығының қатысуынсыз елеулі іс-шаралар болмайды. Апаттар медицинасы орталығының құрлымдары мемлекеттік басқару органдары және Төтенше жағдайлар комитетімен өткізілетін барлық ірі саяси және мәдени деңгейдегі іс-шараларында медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
2017 жылдың қаңтар айында Алматы қаласындағы 28-ші қыстық Универсиаданың іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуде АМО-ның 11 шұғыл әрекет ету бригадасы 9 нышанда және құтқарушы тікұшақтар экипаждары құрамында аэромобильді бригадалар құрамында қызмет жасады.
Қызмет жасаған барлық уақытта 66 шығыс жасалып, әртүрлі жарақаттармен жүгінген 14 адамға медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 3 жарысқа қатысушы спортшыны Алматы қаласының емдеу мекемелеріне жеткізді.
Астанамызға әр түрлі аудандардан келген АМО-ның шұғыл әрекет ету бригадалары маусым айынан бастап қыркүйекке дейінгі уақытта «Экспо-2017» халықаралық арнайы көрмесін медициналық қамтамасыз ету мақсатымен іс-шаралар өткізілген жерлерде және арнайы делигация тұрақтаған жерлерде, сонымен қатар көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысқан азаматтық қорғаныс қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетіп, тәулік бойы кезекшілік етті.
Апаттар медицинасы орталығының психологтары қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысқан Көкшетау техникалық институтының жеке құрамының курсанттарына психологиялық көмек көрсетуді жүзеге асырды. Топ құруға байланысты тренингтер, кеңес беру, әңгімелесулер, лекциялар, сабақтр жүргізді, сонымен қатар қызметкерлердің бейімделуіне және олардың қобалжуларына жол бермеуге көмек көрсетті.
Апаттар медицинасы орталығы жоспарлап өткізілетін оқу-жаттығуларда азаматтық қорғаныс жүйесіндегі өзге де қатысушылармен өзара әрекет ету сұрағына көп көңіл бөледі.
2017 жылдың қыркүйегінде «Қазқұтқару – 2017» құтқару жасақтарының 22 –ші республикалық жиын – семинарын медициналық және психологиялық қамтамасыз ету мақсатымен оқу-жаттығу полигоны аумағында Апаттар медицинасы орталығының далалық мобильді госпиталі орналасты.
Құрамы 23 қызметкер мен 8 бірлік автомобильді техникадан құралған Апаттар медицинасының жасағына арналған айқын нозологиялық формалары бойынша, мерзімдік ауруларды ескере отырып, далалық орналасу жағдайындағы контингентті қамтамасыз етуге тән емдеу – диагностикалық іс-шаралардың көлемі алдын – ала бекітілген.
Қабылдау – сұрыптау бөліміндегі бөлімше жасағының ұйымдастырылған жұмысын қамтамасыз етуге әр уақытта кезекші медицина қызметкерлерінің кезекшілік жүргізуі ұйымдастырылды. Бұдан басқа шұғыл әрекет ету бригадасының бір бригадасы сүңгуірші – құтқарушылардың жарысы өтіп жатқан Қапшағай қаласындағы акваториде тұрақты түрде кезекшілік етті.
Жиын-семинарын өткізген кезде көбінесе жедел респираторлық және созылмалы аурулардың асқынуымен қаралған 124 адамға көмек көрсетіліп, бір зардап шегуші саусағын жарақатап алып, көмек көрсетілгеннен соң медициналық мекемеге жатқызылды. Барлық қаралғандарға толық көлемді медициналық көмек көрсетілді.
Жасақтың психологтарымен ұжымда оң психологиялық қөзқарсты орнату, стресстік жағдайларды болдырмау бойынша апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерімен қатар жарысқа қатысқан өздігінен қаралған құтқарушылармен де жұмыстар жүргізілді. Психологиялық құрылғыларды пайдалана отырып 12 психоконсультация, 3 топтық треннинг, 40 психокоррекциондық сеанс жүргізілді.
Ағымдағы жылдың қазан айында Апаттар медицинасы орталығының далалық мобильді госпитальдарының даярлығын тексеру үшін және «Жер-2017» РКШЖ-ын медициналық-психологиялық қамтамсыз етуді жүзеге асыру үшін Тараз қаласына Апаттар медицинасы орталығы Шығыс Қазақстан облысы бойынша және Алматы қаласы бойынша филиалдары құрамында 30 адам және 8 бірлік техникаларымен 2 жасақ болып жіберілген, онда жасақтардың төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету кезіндегі тәжірибелік даярлығы қарастырылып, сонымен қатар жедел қызмет мамандарымен өзара әрекет ету сұрағы талқыланады.
Республикамызда Апаттар медицинасы орталығының имиджін көтеру және атқарып жатқан қызметтері жайлы халықты хабардар ету бойынша, сонымен қатар ұжымға ең бастысы өз жұмысын қызығушылықпен орындайтын талантты жастарды тарту бойынша АМО- да лекциялар, сабақтар, ашық есік күндері, техника мен құрал-жабдықтар көрмесі өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттер тренажер-манекендерде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын жасап көру, құтқарушы мамандығының жұмыс ерекшелігімен танысу мүмкіндіктері бар.
Төтенше жағдайлар комитеті жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің жұмысы өзіндік ерекшеліктерге ие. Олар тек қана зардап шеккен адамдардың денсаулық жағдайын бағалап қана қоймай, сонымен қатар төтенше жағдайларда медицина қызметкерлерімен де, құтқарушылармен де бірігіп, солар сияқты өмірлерін қауіпке тігіп жұмыс істеуге тура келеді. Зардап шегушілерден бөлек әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Комитеттің де өз қызметкерлеріне көмек қажет болып қалуы мүмкін.
Апаттар медицинасы орталығында 200-ге жуық медицина қызметкері мен психолог жұмыс істейді.
Олардың барлығы ең асыл мамандықтардың бірі – адам өмірі мен денсаулығын қорғау мамандығын өз тағдырларына айналдырды.
Барлық әріптестерімізді мейраммен құттықтаймыз! Сіздердің кәсібилілігіңіз, өз жұмыстарыңызға деген адалдық пен жауапкершілігіңіз одан әрі төтенше жағдайларды жою мен алдын алу жүйесін тиімді дамытуға қызмет ете берсін! Құтқарушылар күнімен!
Т. Яровенко
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
 
Анықтама: 2017 жылдың 9 айлығы бойынша АМО-ның бригадасымен 3919 шақыртулар болып, 4040- шұғыл медициналық көмек көрсету, соның ішінде 319-ы бала, емдеу мекемелеріне жатқызылғандар саны – 1059 болды.
796 іс-шараны медициналық қамтамасыз ету жүзеге асырылып, өздігінен қаралған 536 адамға медициналық көмек көрсетілді. 196 топтық - штабтық және өрт – тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты.
Трассалық медициналық құтқару пунктері бригадасының күштерімен 1059 шақыртулар болып, зардап шеккен 2898 адамға медициналық көмек көрсетілді, соның ішінде 232-і бала, емдеу мекемелеріне жатқызылғандар саны – 862 болып, соның ішінде 95-і бала болды.
Өздігінен қаралған 1824 жол-көлік қозғалысының қатысушыларына шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Оның 106-сыауруханаға жатқызылды.