21 CMK 1 Ақмола облысы ауданында 2012 жылдан бастап, Астана мен Қарағанды бағытындағы Алматы – Екатеринбург тас жолы бойында, Анар ауылына жақын маңда орналасқан КМҚП «Анар» қызмет жасап келеді. Осы пункттің орналасуы 2011 жылдың желтоқсанында Денсаулық сақтау министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен, Көлік және коммуникация министрлігімен бекітілген.
21 CMK 2 2015 жылдан бастап «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясымен, Қазақстанның инфрақұрылымын дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Астана-Қарағанды-Балхаш-Алматы» жолдарын қайта құру басталып, бірақ күре-жолдық медициналық құтқару пунктіне кіретін жол қарастырылмаған.
Осыған орай КМҚП көлігінің қозғалысы уақытша құралған айналып өту жолдарымен жүзеге асырылып, шығулар жасауға кедергі келтіріп және төтенше жағдай болған жерге КМҚП бригадасының келу уақытын ұзартып жіберді.
21 CMK 3 Екі жылдың ішінде бірнеше мәрте әр түрлі жерге шағымдар жасалғандықтан, бұл жағдай орнынан қайта көтеріле бастады.Бүгінгі күні «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ЖШС «КазГерСтрой» мердігер ұйымымен бірлесе отырып, КМҚП «Анардан» бастап негізгі жолға дейінгі аралықта қиыршық тас жолы салынған, бұл арқылы КМҚП «Анар» жол-көлік апатына жедел шығуларды жүзеге асыра алатын болды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ