17 ЦМК техника 1 «АМО» ММ құралымдарының техникалық жабдықталуын жоғарлату мен уақытылы және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді дамыту мақсаттарымен, Маңғыстау облысының жергілікті бюджетінен қаражат бөлініп, жалпы сомасы шамамен 12 млн. теңгеге санитарлық көлік сатып алынды.
17 ЦМК техника 2 Жедел медициналық көмек көрсету көлігі - бұл зардап шеккендер мен науқастарды, медицина қызметкерлері мен медициналық жабдықтарды тасымалдауға, сонымен қатар зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге арнайы құрастырылып жасалған көлік түрі болып табылады.
Қажетті медициналық құрылғыларды сатып алу бойынша жұмыстарды филиал басшысы аумақтық ТЖ Департаментімен біріге отырып жүзеге асырғандығын атап өтуіміз керек.
17 ЦМК техника 3 2016 жылы облыс басшылығының қолдауымен АМО-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен қаражат бөліне бастаған, сол бөлінген қаражаттың арқасында
2 млн. 600 мың теңгеге Нива оперативті автокөлігі және 700 мың. теңгеге медициналық құрылғылар сатып алынған.
Медицина қызметкерлеріне науқастың өмірін сақтап қалу үшін қажетті іс-шараларды ертерек өткізуге жағдайдың болуы, заманауи құрылғылармен жабдықталулары өте маңызды.Осындай құрылғылармен жабдықталудың арқасында, мамандар алтын уақыттарын жоғалтпастан терапия курстарын кез-келген жерлерде – машинаның ішінде болсын өткізе алады.
 
ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығы