17 CMK wwww Жүк көлігімен алыс жолға шыққан – жүргізуші, Алматы-Екатеринбург трассасымен келе жатып, құжаттарды тексеру барысында полиция бекетінде ішкі істер органдарының қызметкеріне өзін жаман сезінгенін айтады. Полиция қызметкері жүргізушіге жақын маңдағы «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пунктіне қаралуды ұсынады.
Трассалық пунктіге қаралған кезде ер азамат – 1980 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны іш маңындағы ауырсыну сезіміне шағымданған. Қарау жүргізіліп және сәйкес зерттеулер жасалған соң, жол бойындағы пункттің медицина қызметкерлерімен жедел аппендицит диагностикаланған. Науқасқа шұғыл түрде ота жасау керек болды. Бригаданың медицина қызметкерлері 20 минуттың ішінде ер азаматты Балқаш орталық ауруханасына жеткізіп, онда науқасқа сәтті ота жасалды.
Трассалық медициналық – құтқару пункті бригадасының біргіп әрі нақты жұмыс жасауының арқасында қысқа уақыттың ішінде медициналық көмек көрсетіліп, тез арада шұғыл ота жасау керек болды – кешіктіруге уақыт болмады.
Республикамызда осындай 40 пункт қызмет жасайтындығын атап өтуге болады. Олардың ұйымдастырылған жұмысы республикалық трассаларда жол-көлік апатынан зардап шеккендерге медициналық және де құтқару көмегін бірден көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, трассалық пункттердің қызметкерлері жақын маңда орналасқан елді-мекеннің тұрғындарын, сонымен бірге жолда өтіп бара жатқан жолаушыларды да қабылдап, кез-келген жағымсыз симптомдарымен күресуге көмектеседі.
Құтқарушы - медицина қызметкерлерін - телефондарыңыздан 112-ні теріп таба аласыз. Трассалық пункттердің орналасу орнымен алыс жол жүретін жүргізушілер жақсы таныс. Жол полициясның кез-келген қызметкері де оны айтып көрсете алады, бұдан басқа, трассалардың бойында ақпараттық тақталар орналасқан.
Жол қозғалысының 54-ші бабының 4 тармағына сәйкес, жүргізушіге массайған күйінде (алкогольдік, наркотикалық және (немесе) токсикоманиялық), әрекет ету мен назар аударуды нашарлататын дәрілік заттардың әсерімен, ауырсынған және шаршаған жағдайларда, жол қозғалысының қауіпсіздігін бұзу қаупі болған жағдайларда жол көлігін жүргізуге тыйым салынатындығы туралы еске саламыз.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ