Кешкі уақытта 17 қаңтар күні ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының кезекші-диспетчерлік пунктіне көп қабатты тұрғын үйдің жанында күдікті заттың табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Құрамында филиалдың дәрігерлері мен психологы бар шұғыл әрекет ету бригадасы ТЖ орнына шұғыл келіп жетті.
Қауіпсіздік мақсатында көрші көшеде көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы тоқтатылған болатын, аймақ қоршауға алынды, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеді. Бірнеше тұрғын үй және автобус аялдамасы да қоршауға алынды. Жұмыстан шаршап қайтып келген адамдар үйлеріне кіре алмады.
Азаматтар медициналық көмекке жүгінген жоқ. Алайда, оқиға туралы ақпараттың жоқтығы, өз туған-жақындары үшін мазалану түрлі эмоционалдық реакциялардың туындауына әкеп соқты: оның ішінде психологиялық көмекті талап ететін қорқыныш, агрессия және үрей бар. Жұмыстан қайтып келген көптеген адамдарды олардың үйлерінде балалары қараусыз қалғаны жағдайды қиындатты.
Бұл жағдайда психолог жұмысы айтарлықтай эмоционалды қабылдайтын адамдарды анықтау және олармен жұмыс істеуден тұрды. Кейбіреулермен байсалды әңгімелесу жеткілікті болса, кейбіреулерді тыныштандыру қажет болды. Адамдардың үй шынымен-ақ жарылады деген сөзіне сенген бір қыз бала қатты қорқып қалған. Психологиялық әңгімелесуден кейін қорқыныш сезімі кетті.
Кейбір адамдар қоршауда тұрған адамдарды агрессивті түрде қабылдады. Өкінішке орай, құқық қорғау органдарының бұл әрекетін көп адам түсіне қоймайды, алайда бұл олардың қауіпсіздігі жолында жасалып жатқан әрекеттер емес пе. Осы уақытта адамдарға психологиялық көмек көрсетілу шарт. Агрессия адамдар арасында тез таралып кетуі ықтимал. Оған жол бермеу керек.
Филиал психологы Э.С. Логачева жұмыс істеген бірнеше уақыт ішінде 10 зардап шегушіге, оның ішінде бір балаға психологиялық көмек көрсетілді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері пакеттің қауіпсіз екенін анықтады, көшеде жол жүру қайта қалпына келтірілді, тұрғындарды үйлеріне жіберді.
Осындай көпшілік қатысқан оқиғаларда психолог жұмысы қажет. Тыныштандыру, қолдау, үрей мен қауесеттерге жол бермеу – маман міндеттерінің бірсыпырасы ғана.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ ШҚО бойынша филиалы