19 Psihol Pom 1 2018 жылдың 18-ші қаңтарының таңы ірі төтенше жағдайға тап болды: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы жол бойында «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртке оранды, ішінде 57 адам болып, 52-сі қайтыс болды.
19 Psihol Pom 2 Бірнеше сағаттың ішінде, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туысқандары мен жақындарына ақпараттық қолдау көрсету мен шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-нің жедел штабымен «Шұғыл желі» телефонымен жұмыс ұйымдастырылды. Үш күннің ішінде Ақтөбе облысының азаматтық қорғаныс органдарының 4 психологі, сонымен қатар Апаттар медицинасы орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының психологі Давлетова Г. тәулік бойы жұмыс атқарды.
Кезекші психологтардың абоненттер - қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарымен сөйлесуі барысында қиындықтарға тап болғандықтарын атап өткен жөн. Хабарласқандарға өздері атаған жақын адамдарының тегін табу және оның қайтыс болғандығы жайлы хабарлау эмоциональді тұрғыдан өте ауыр болып табылады. Мұндай сәттерде абоненттер стресске жедел ұшырап, олармен бетпе-бет сөйлесіп айтуға қарағанда, телефон арқылы сөйлесе отырып айт - қиынның қиыны.
19 Psihol Pom 3 18-ші қаңтардан бастап 20-шы қаңтарға дейінгі аралықта «Шұғыл желі» телефоны арқылы жұмыс жасау барысында филиалдың психологімен 17 қоңырау қабылданып, үшеуінде шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар АМО-ғы психологтарының қызметі ТЖ-ды жоюға тікелей қатысатын жеке құраммен жұмыс атқару кезінде де көрініс табады. Осы мақсатпен АМО-ның психологі 21-ші қаңтардан бастап 22-шы қаңтарға дейінгі аралықта қайғылы оқиға орын алған жерге барып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға қатысқан «Қалыбай» трассалық медициналық-құтқару пунктінің және Ырғыз ауданының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлеріне психологиялық жұмыстар жүргізу үшін жолға шықты.
19 Psihol Pom 4 Атқарып отырған жұмыстың басты міндеті - қызметтік міндеттерін орындау барысында қызметкерлерге теріс әсер ететін стресстік факторлардың әсерінің нәтижесінде пайда болуы мүмкін зардаптарды азайту.
АМО-ғы филиалының психологімен барлығы топтық формада жұмыс атқарылды: қатысушылар саны 23 адамды құраған 3 дебрифинг және 3 тренингтік сабақ өткізілді, жекешелеу формада – «Альфария» аппаратын қолдана отырып 8 жеке психокоррекциондық сеанстар жүргізіліп және 10 психологиялық кеңес жасалды.
ТЖ кезінде зардап шеккен халыққа және де сол ТЖ –дың зардаптарын жоюға қатысқан қызметкерлерге де психологтардың кез-келген уақытта, кез-келген ауа-райында, өмірлік және кәсіби тапсырмаларын орындау, яғни психологиялық көмек көрсетулері – ТЖК психологтары қызметінің ажырамас және өте маңызды бөлігі болып табылады.
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалы