Оқыс пайда болатын, экстримальді жағдайлар, адамның психикасына қайта қалпына келместей зиян келтіруі мүмкін. Стресстік, қызметкерлердің шұғыл әрекет ету бригадасының құрамына кіретін қызметкерлерге травмалық қысым жасауына жауап реакциясын қалпына келттіру үшін шұғыл медициналық көмек көрсетумен қатар шұғыл психологиялық көмек көрсетуді шұғыл және нәтижелі түрде көрсете білу маңызды болып табылады.
Шұғыл психологиялық көмек көрсету – Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының шұғыл психологиялық көмек көрсету бөлімі психологі жұмысының басты міндеті. Ол үшін АМО-ның психологтары әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға шығуларды жиі жүзеге асырып тұрады. Бірақ кейбір жағдайларда, психологпен шұғыл психологиялық көмек көрсету оқыс жағдайларға байланысты мүмкін емес болып қалады. Бұл жағдайларда шұғыл психологиялық көмек көрсету функциясын шұғыл психологиялық көмек көрсету дағдыларына ие өзге де қызметкер жүзеге асыра алады.
Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының дәрігерлері мен фельдшерлері, сонымен қатар трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері психологтармен бірге зардап шегушімен өзара қарым-қатынасқа түсіп және психологиялық қолдау көрсете алады, ал кейде тіпті медицина қызметкерлері кәсіби даярлық пен қайта даярлау нәтижесінде жинақтаған тәжірибесінің, сонымен қатар білімі мен дағдыларының арқасында толық көлемдегі психологиялық көмек көрсете алады.
Шұғыл қызметтің жеке жұмысындағы тәжірибесі жол-көлік оқиғасы (ЖКО), өрт нәтижесіндегі улы газбен улану, Алатау таулы мекеніндегі орын алатын бақытсыз жағдайлар, су тасқыны мен өзге де жағдайлар шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетусіз болмайтындығын растайды.
2012-2017 жылдарғы шақыртулар карталарының анализі бойынша, ТЖ нәтижесінде зардап шеккендердің 5-10%-да физикалық жарақат болмайды немесе жеңіл дәрежедегі жарақат (тыртықтар, ауыртып алу) болып шығады.
Стандарт бойынша бұл зардап шегушілер медициналық көмекті қажет етпейді, бірақ та жүрек маңындағы аурсынуға, жүрек соғысының жиілеуіне, треморға, дірілге, тыныс алуының қиындауына, қолдарының терлеуіне, мазасыздыққа, нервоздық сезіміне шағым айтуы мүмкін. Мұндай жағдайларда аталған симптомдар стресске жедел реакция (СЖР) жағдайын сипаттайды.
Стресске жедел реакция (СЖР) – бұл әр түрлі себептегі бақытсыз жағдайлардың нәтижесінде орын алатын бұзылыс түрі болып табылады.
Кейде СЖР, бірнеше сағат немесе күн аралығында өтетін физикалық және психикалық стрсске жауап ретінде әсер етуші факторға организмнің өзіндік қарсыласуы түрінде психологиялық өзгерістері жоқ адамдарда да байқалуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар (одан әрі – ТЖ) кезіндегі стресстік факторларға: оқыс оқиға, өзінің және жақын туысқандарының өмірлік және физикалық тұтастығына төнген қауіп-қатер, қаза болу немесе басқа адамдардың қайғыруы, мүліктен айырылу және өзге де материалдық шығындар, өмірлік жоспардың бұзылуы.
Госпитальға дейінгі кезеңде (алтын сағат) уақыттың жетіспеушілігінен, әлбетте зардап шегушілердің өздері көмек көрсетуден бас тартады немесе көмек көрсетуді мүлде қажет етпейді және де мамандардың назарынан тыс қалуға тырысады, нәтижесінде олардың көбінде сол сәттегі стресстік жағдайлары стресстің созылмалы формасына ауысуы мүмкін (жарақаттан соң пайда болған стресстік бұзылыстар). Және де СЖР өзге де аурулардан соң пайда болып, зардап шегушінің толық емделмеген созылмалы ауруын ушықтырып көрініс беруі мүмкін.
СЖР-ның ерекшелігі кімде пайда болатынын алдын-ала болжап білу мүмкін емес, сондықтан оның кейінгі ағымы бақылаудан тыс қалады.
СЖР зардап шеккендердің барлығында дерлік әр түрлі нұсқада кездеседі:
-үрей, -жүйке дірілі, -жылау, -агрессия, -истериялық реакция, -сандырақ, - галлюцинация,
-депрессияға өтетін апатия,
-ступор.
Барлық аталған нұсқалар зардап шеккендердің организімінде әр түрлі көрініс беруі мүмкін және ұзақтығы мен ағымы да әр түрлі болуы мүмкін. Осы мақсатпен психологтың кеңесіне жүгінуге және тұрғылықты мекен-жайы бойынша профилактикалық емдеуден өтуге кеңес беру керек, бұл өз алдына психикалық бұзылыстардың дамуына кедергі болады.
Стресстік жағдайларда шұғыл медициналық-психологиялық көмек көрсету кезіндегі басты міндеттер:
- қоршаған ортаның жанама әсерін азайту;
- ішкі жан-дүниенің азаптануын азайту;
- психологиялық қысымды азайту;
- зардап шегушінің жақсы нәтижеге үміттенуі;
- седативті дәрілермен дәрілік емдеу.
Шұғыл медициналық-психологиялық көмек көрсету кезінде келесідей принциптерге жүгіну керек:
- өзіне деген сенімділік;
- топтық жұмыста психологиялық қолдау көрсету;
- зардап шегушіге жақын адамдарын әкеліп көрсету арқылы қалыпты ортаны қалыптастыру;
- зардап шегушіге түсіністікпен қарап, дұрыс сөйлеу;
- жас ерекшелігін, менталитетін, ерекшеліктерін ескере отырып қарапайым тілде сөйлесу.
ТЖ орын алған жерде медициналық және психологиялық көмек жедел түрде көрсетілуі керек, өйткені зардап шегушіге тез арада мамандандырылған көмек көрсетілсе, оның соғұрлым өзінің физикалық және психикалық денсаулығын тез арада сақтап қалуға, қалыпты өміріне қайта оралуға үлкен мүмкіндігі болады. «Денсаулық – бұл физикалық және моральдық жағдайдың жиынтығы» екендігін әрдайым есте сақтап жүру керек.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Алматы қаласы бойынша
филиалының ШМККБ басшысы Ж.К. Сыдыков