Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ психологтары төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендермен жұмыс істеу барысында әр түрлі өткір формадағы стресстік реакциялармен жұмыс жасауға тура келеді.
Стресске жедел реакцияны 2 топқа бөліп қарастыру қабылданған: қозғалыстық және тежеуші. Қандай да бір жағдайда немесе өзге де жағдайларда адамның өзін-өзі қалай ұстайтынын алдын-ала болжап табу қиын, себебі адамның ыңғайсыз жағдайларға, зақым келтіретін жағдайларға реакциясы оның жасына, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, стресске төзімділігіне және өмірлік тәжірибесіне байланысты.
Бір-біріне қарама-қарсы топтардың реакцияларының пайда болу үлгісіне Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қарағанды облысы бойынша филиалы психологінің зардап шегушімен жұмыс тәжірибесі әсер етті.
Ағымдағы жылдың 7-ші ақпанында бағыттық автобустардың қақтығысуы болды. Психолог жедел әрекет ету бригадасының құрамында жол-көлік оқиғасы орын алған жерге жедел түрде жиналып шықты.
Оқиға орнына келген сәтте зардап шеккендердің арасында жедел психологиялық көмекті қажет ететіндер анықталды. Олардың біреуі әйел адам, көп жылағандықтан ағзаның қорлары таусылып, нәтижесінде енжарлық күйге түсіп, болып жатқан оқиғаларға немқұрайлықпен қарап көңіл бөлмеді.
Екінші зардап шегуші адам, керісінше, өзін тым белсенді ұстады: тез және мақсатсыз қозғалды, ойларын шашыраңқы күйде бөліп жеткізді, өзінің есімін бірден есіне түсіре алмады.
Психологтың жедел және сауатты көмегінің арқасында, техниканы қолдану арқылы және дене-оринтациялық терапияны, қысқа мерзімді психотерпияны, позитивті психотерапияны, активті және пассивті тыңдауды, дем алу техникаларын қолдана отырып, жарты сағаттың ішінде зардап шегушінің жағдайын жеңілдету жүзеге асырылды.
Төтенше жағдай бағытындағы психологтың жұмысы ауыр және алдын ала болжау қиын. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге шыққан сәтте мамандар әр түрлі жағдайларға және реакциялары түрлі-түрлі болатын зардап шегушілер санының әр түрлі болуына да дайын болу керек. Тек қана кәсіпқойлық, стресске төзімділіктің жоғары деңгейі, адамдарға деген махаббат сезімі мен жанашырлық таныту кәсіби міндеттерді тиімді орындауға әсер етуі мүмкін.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы»ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалы