2018 жылдың 13-ші ақпанында сағат түңгі 03-тен 20 минут өткенде Ақтөбе облысындағы «Қалыбай» трассалық медициналық – құтқару пунктінің диспетчеріне Ырғыз ауданындағы Самара - Шымкент трассасының 1101 км шақырымында, Бішкек қаласынан Самара қаласына кетіп бара жатқан микроавтобустың сынғандығы туралы шақырту келіп түсті.
Микроавтобуста барлығы 8 жолаушы болып, оның 7-еуі Қырғызстан азаматы, 1-еуі Өзбекістан азаматы болып шықты.
«Қалыбай» трассалық пунктінің бригадасымен сынып қалған микроавтобустан барлығы 8 адам жақын маңдағы жылыту пунктіне эвакуацияланды, олардың үшеуіне медициналық көмек қажет болды. Барлық құтқарыылған адамдар медицина қызметкерлерінің қарауынан өтіп, госпитализациялауды қажет етушілер болмады.
Қазақстанның трассалық қызметі – республикамыздың барлық 14 облысында орналасқан және 50 шақырым жауапкершілік аймағында жұмыс жасайтын қырық трассалық медициналық-құтқару пунктінен құралған. Қысқы мерзімде ТМҚП бригадасы адамдарға көмекке келеді, яғни жолда қалып қойған машиналардағы адамдарға қажетті медициналық көмек көрсетеді.
2017-2018 жылғы қысқы мерзімде трассалық медициналық – құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасының күшімен сынып қалған автокөліктерден және қар борауынан 200-ге жуық адам құтқарылып, оның 18-і бала болды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ