23 CMK Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ психологтары негізгі міндеттерін орындаудан басқа: ТЖ кезінде жедел психологиялық көмек көрсету және бөлімшенің жеке құрамымен жұмыс істеу, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының бөлімшелерімен жүргізілетін іс-шараларға белсенді қатысады. Осындай іс-шаралар психологтарға кәсіби әрекетінің тәжірибесімен алмасуға және бөлімшелер арасында өзара әрекеттестікті орнатуға мүмкіндік береді.
2017 жылдың 12 ақпанынан Ел басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру және 2018 жылда ішкі істер органдарының беделін жоғарлату бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 19-20 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығындағы 52859 - әскери бөлімнің базасында «Қызметтік – әскери тәртіпті нығайтудың басты бағыты ретіндегі тәрбиелеу жұмысы» тақырыбында, басшылардың орынбасарларының, ТЖД-нің, КТИ-ның кадр жұмысы жөніндегі бөлімінің басшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті.
Жиында отбасылық қарым-қатынас, суицидтік мінез-құлық және ұжымдағы қарым-қатынас бойынша сұақтарға жауап берген әр түрлі кәсіби қызмет атқаратын психологтар қатысты.
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қарағанды облысы бойынша филиал психологы Муратова К.Р. осы іс-шараға белсенді қатысты. Ол кісі «Ұжымды басқару психологиясы» атты тақырыбында практикалық (тренинг) сабақ өткізді. Тренингтің мақсаты: қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, олардың арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнату болды.
Тренинг барысында қолайлы әрі сәтті жұмыс жағдайын орнатуға, топта өзара вербальді емес түсінікті дамытуға, эмоционалды қысымды төмендетуге, қатысушыларды бірге жұмыс істеуге мотивациялауға, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын қалыптастыруға, басқа адамды қабылдауға және түсінуге бағытталған жаттығулар жүргізілді.
Барлық қатысушылар бірлескен тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып, өзара қарым-қатынастарында мақұлдау мен қолдау басым болды. Бұған олардың жеке және кәсіби қасиеттері себеп болды.
Жалпы, кездесудің нәтижесі жағымды деп бағаланды. Барлық қатысушылар осындай сабақтардың жиі өткізіліп тұру керек екендігі және олардың жеке құрам арасында өзара қарым-қатынасты қалыптастыруға пайдасы зор екендігі туралы өз пікірлерін айтып шықты.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Қарағанды облысы бойынша
филиалдың психологы
К.Р Муратова