12 CMK 1 ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері және «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушыларымен бірлесіп, онлайн режимінде «Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. Онда Қызылорда облысының 28 мектебінен 1245 оқушысы мен 102 мұғалімі сала мамандарымен тікелей байланысқа шықты.
12 CMK 2 Сабақ Азаматтық қорғаныстың даму тарихынан басталды. Сабақ барысында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы-дәрігер А.Есахаев «Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбына және филиал психологі Ж.Досаева «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу» туралы тақырыптарға егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты туралы имиджді бейнеролик көрсетілді және КТИ-на оқуға қабылданатын үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар туралы қысқаша айтылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицина орталығы» ММ
Қызылорда облысы бойынша филиалы