17 ЦМК 8 марта 1 7-ші наурыз күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізілді.
17 ЦМК 8 марта 2 Орталықтың басшы Б.Т. Есқалиев, салтанатты жиынды ашып, ұжымның әдемі әйелдерін құттықтап, барлығына мықты денсаулық тіледі. Ол кісі қазіргі таңда әйелдер әр түрлі салада: өндіріс орындарындарында, ауыл шаруашылығында, бизнесте, мәдениет саласында, білім беру және денсаулық сақтау салаларында да қызмет атқаратындығы жайлы атап өтті. Соған қарамастан әйелдер ана болып та және ошақтың қорғанысы болып та қала береді деді.
17 ЦМК 8 марта 3 Салтанатты жиында, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және де 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен «АМО» ММ-нің шұғыл психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы Вовк А.Ю. және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамотасымен «АМО» ММ-нің Астана қаласы бойынша филиалының санитар қызметкері З.К. Бектебергенова марапатталды және де Орталықтың және оның филиалдарының 31 қызметкері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «АМО» ММ-нің грамотасына ие болды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинсы орталығы» ММ