23 CMK Nauryz 1 Ағымдағы жылдың 19 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалында «Наурыз» мерекесін тойлауға арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға ықпал ететін, барлық қазақстандықтардың бірлігі мен достығының мерекесі болып табылады.
Бүкіл филиал ұжымының көңіл-күйі Наурыз мерекесіне орай салтанаттық жағдайда болғандығы сезілді, жұмыс бөлмесі «Қазақи киіз үйге» ұқсатып жасалды, онда халқымыздың салт- дәстүрлері көрсетілді.
23 CMK Nauryz 2 Қазақ дәстүрінде тойға дейін «Сырға салу» дәстүрі орындалады. Дәстүрлі той қазақтарда құда түсуден басталады. Онда күйеу жігіт жағынан құдалардың келуі мен қалыңдыққа күйеу жігіттің анасының сырғаны кигізу рәсімі - «Сырға салу» болады. Бұл әдет-ғұрып құдалар арасындағы түбегейлі келісімді білдіреді.
Мерекелік дастарханда ең негізгі тамақтардың бірі «Наурыз көже» болды, жеті қоспадан: су, ет, тұз, май, ұн, жарма және сүттен тұрады, олар қуаныш нышанын, табысты, даналықты, денсаулықты, әл-ауқатты және көкке өрлеуді білдіреді.
Мереке шырайлы және достастық жағдайында өтті, оның барысында филиал қызметкерлері ең жақсы тілектерімен бөлісті, халық әндерін орындады.
Басшы ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап және барлық қызметкерлер мен олардың отбасыларына әл-ауқат, жақсылық тілеп, ізгі лебізін білдірді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Астана қаласы бойынша филиалы