22 CMK Psihology Көктем - су тасқыны жағдайының пайда болатын уақыты. Биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысында «үлкен су тасқыны» әжептәуір ерте басталып, су басқан аймақтардың тұрғындарын алаңдатты.
Кез-келген төтенше жағдайдың пайда болуы адамдардың психоэмоциональді жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес. Адамдар әдеттегі өмір жағдайларында және қызметтерінде де экстремалды, қиын жағдайларға тап болады. Мұндай жағдайлардың барлығында - психологтардың жұмыстары үлкен рөл атқарады.
2018 жылы 24-ші наурызда шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатымен Шығыс Қазақстан облысы Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологы Э. Логачева, Глубокое ауданының Белоусовка ауылына су тасқыны нәтижесінде зардап шегушілердің уақытша тұратын жеріне - Глубокое аграрлық колледжінің жатақханасына жіберілді.
Жатақханада зардап шеккен барлығы 25 адам, оның 14-і бала болып шықты. Психологтың екі күндік жұмысы барысында 13 зардап шегушіге, оның ішінде 7 балаға топтық және жеке формадағы шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
2018 жылдың 25 наурызында шұғыл әрекет ету бригадасының құрамымен бірге психолог қала аудандарының су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатымен "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығына барды. 2 зардап шегушімен психологиялық жұмыс өткізді.
Қазіргі уақытта да зардап шеккен тұрғындармен жұмыс жасау жалғасуда, оның ішінде «Жедел желі» телефоны арқылы да. Психологтың «Жедел желі» кезекшілік міндетінде болған сәтінде 8 ақпараттық сипаттағы қоңырау қабылданған.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицина орталығы» ММ