19 CMK Psihology 1 «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің психологтары – көбінесе ерекше жағдайларда жұмыс істеуге тура келетін әмбебап мамандар. Кез-келген ауа-райында, кез-келген уақытта, психологтің көмегі қажет болған жағдайда – олар міндетті түрде өз көмегін көрсетеді, себебі «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің психологі өмірлерінде оқыс және төтенше жағдайлар орын алған адамдармен жұмыс жасайтын маман болып саналады.
19 CMK Psihology 2 Психологтар 10 жылдың аралығында шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасының құрамында ақпараттық – түсіндірме сипаттағы көмек көрсету немесе шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатымен әр түрлі сипаттағы табиғи және техногенді төтенше жағдайлар кезіндегі шақыртуларға шығып келе жатыр.
Жыл өткен сайын психологтардың ТЖ-ға шығулар саны психологиялық көмек көрсету жағдайлары санының қортындысы ретінде артуда. Шақыртуға шығулар саны мен зардап шеккендерге ШПК көрсету көрсеткіштері осыған мысал бола алады. Екі жылдың I тоқсаны кезеңінде шақыртуға шығулар саны 2,3 есеге және ШПК көрсету жағдайлары 2,2 есеге айтарлықтай артқан.
Бұл көрсеткіштердің өсуі психологтарды ТЖ нәтижесінде зардап шеккен адамдармен, сондай-ақ ТЖ зардабын жоюмен айналысатын қызметкерлермен жұмыс жасауға жиі жұмылдыруға байланысты екендігін байқауға болады. Ақтөбе облысының психологі ағымдағы жылдың қаңтар айында «Шұғыл желі» телефонында, сондай-ақ шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатында өртті сөндірумен және зардап шегушілерге шұғыл медициналық көмек көрсетумен айналысатын өрт сөндіру бөлімдері мен трассалық медициналық-құтқару пунктерінің қызметкерлерімен жұмыс істеуге жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының психологі су тасқынынан зардап шеккендермен белсенді түрде жұмыс жүргізуге, сонымен қатар қосымша «Шұғыл желі» телефонында да жұмыс жасауға жұмылдырылды. Психологтар әр түрлі оқу-жаттығуларға жиі жұмылдырылып, оқу-жаттығу сценариілерінде оларға көп мән беріле бастады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ