Соңғы бірнеше онжылдықтарда күйзелістен кейінгі есеңгіреуге шалдығу (әрі қарай ККЕШ) сияқты құбылыс қатысында қызығушылық жандандырылды, себебі соңғы уақытта апаттардың үлкен мөлшері болған болатын.
ККЕШ (post-traumatic stress disorder -PTSD) 90-жылдары психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың Халықаралық сыныптамасына кірді. ККЕШ бойынша зерттеу жұмыстарының көп бөлігі әр түрлі контингенттерде, әскери қозғалыстар қатысушыларында, зорлау мен азаптау мәжбүрленушілерінде, антропогенді және техногенді апаттарда, өміріне қауіп төндіретін ауру адамдарда, қашқындарда, өрт сөндірушілерде, құтқарушыларда өтетін ККЕШ диагностикасы мен емдеуге, динамикасына арналған. И.Г.Малкина-Пых, Ю.Шойгу психологтарының жұмыстарында адамдарға оқыс жағдайлар кезіндеде тікелей, сонымен қатар оның алыс кезеңдерінде де психологиялық көмек көрсетудің әр түрлі әдістері көрсетілген, төтенше жағдай басында психолог жұмыстарының әр түрлі қырлары талданған. Оларға бүгінгі күні белгілі психологиялық араласудың техникалары кіреді.
ККЕШ – психикалық икемсіздену түрінде туындайтын кең таралған үрейлі жабырқаушылық, күйзеліс және химиялық тәуелділікпен өте жиі үйлеседі. Күйзеліс жағдайында адамға жоғары қарқындылықты психиканы бұзатын стрессорлар әсер етеді. Алайда сондай-ақ тікелей лаңкестік әрекеттерді, апаттарды жариялайтын, теле- және аудиотрансляция әсерінен күйзелістен кейінгі есеңгіреу (бұдан әрі ККЕ) белгілері пайда болатын, тұрғындардың ең осал бөліктері де бар (үрейленгіш, эмоционалдық-тұрақсыз, иланғыш адамдар).
ККЕШ пайда болу механизмдерін қарастыру мақсатты болып табылады.
Қарапайым өмірде адамда кері уайымдарды азайтуға ықпал ететін психологиялық қорғаныс болады. Алайда күйзелістік жағдайға түскенде адамда үйреншікті өмір салты бұзылады, болған оқиға шарасыздық сезімін шақырады. Тыныштық пен жайлылықтың негізгі күйі жоғалады, адамдар тек ұйқысыздық пен қорқыныш реакциясына емес, сонымен қатар басқа да соматикалық белгілерге шағымдана бастайды. Солардың ішінде: бас аурулары, асқазан-ішек бұзылулары, арқа ауруы, асқынған жамбас аурулары, тұншығу сезімі, қолдың дірілдеуі, жүрек айнуы. Психологиялық деңгейде ККЕШ сипаттайтын негізгі параметрлер–адамның эмоционалдық-тұлғалық өзгерістері, даралық бүтіндігінің жоғалуы және өмір мәнін жоғалтуы, сәйкестілікті жоғалтуы. Психопатология сондай-ақ бұзылған нысандық қатынастарда да, жұмысқа, әлемге, адамға және Құдайға деген қатынастарда байқалатын ерекше өзгерістерде жасырынуы мүмкін. Күйзелістен жапа шеккен адам уайымдарды жиі қабылдамайды, тынышталуға, ойын басқа затқа бөлуге тырысады, «жүріс-тұрыстың қауіпсіз формаларын» қолдануға тырысады. Осылайша, ол эмоционалдық күйдің дамуына жол бермей, мәселені «капсулдайды», және күйзелісте бекітілген болып қалады. Күйзеліс қайталанған кезде бұл ККЕШ физиологиялық белгілерін арттырады және жалпылатады да адам екі есе осал болып қалады. Сондықтан ауыр жағдайлар жайында еске түсірулер мен уайымдардан кез келген қашу тиімді емес.
Психологтардың мұндай адамдармен кездесу барысында күйзелістік еске алуларды емдеп тірілту, реакция ескертуімен жүктелу, когнитивті қайта құрылымдау, қиялда «болған сценарийді қайта жазу»қолданылады.
Егер ККЕШ дамуының алдын алу жайында айтатын болсақ, оның ағымын жұмсартатын келесі жағдайларды айта кеткен жөн: жәбірленушіге өз уайымдарымен белсенді бөлісуге мүмкіндік беретін, онымен жедел түрде басталған психо әлеуметтік емдеу; ерте және ұзақ уақытты әлеуметтік қолдау; жәбірленушінің қоғамға қатыстылығын әлеуметтік-кәсіби қайта қалпына келтіру (оңалту және қайта бейімдеу) және психологиялық қауіпсіздік сезімін қайта тірілту; жәбірленушінің басқа өзі сияқты психологиялық күйзеліске түскен адамдармен ортақ психоемдеу жұмысына қатыстыру; қайталау күйзелістерінің болмауы және т.б.
Осылайша, жоғарыда айтылған психологиялық күйзелістің негативті салдарының көп бөлігін жеңуде ең тиімдісі маман көмегі болып табылады. ККЕШ ауыратын адамға оған және/немесе оны қоршаған адамдарға бірден кері әсерлер салдарын игеру бойынша экстраординарлық жағдайлар қажет. Қазіргі кезде кез келген адамның күйзеліс жағдайына түсу мүмкіндігі үздіксіз өсуде, және бұл маман-психологтар алдына диагностиканың адекватты әдістерін жасау мен туындайтын патологиялық салдарды емдеу мақсаттарын қояды.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы»
ММ Маңғыстау обласы бойынша
филиалының психологы
Шағадамбаева Г.Д