0cmk1 1 Дәрігерлердің кәсіби мейрамы жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл күні адам өмірін құтқару және азаматтардың денсаулығын сақтау сияқты күрделі және игі істерге өздерін арнаған адамдар құттықтауларға ие болады.
Апаттар медицинасы орталығының Төтенше жағдайлар комитеті жүйесіндегі алатын орны ерекше. Себебі тек АМО-ның жұмысшылары жол-көлік апатынан, жойқын апаттар мен өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсетеді.
0cmk1 2 Бұл күн – өз мамандығын ерекше бағалап, сәттілік пен қол жеткізген жетістіктерді қайта еске түсіру үшін таптырмас мүмкіндік болып табылады. Бірақ медицина қызметкерлерінің күнімен байланысты тағы да бір сезім бар ол – алғыс білдіру сезімі. Бұл мейрам бұрыннан қатаң кәсіби мейрам шегінен шыққан, себебі кез-келген адам өмірінде бір рет болсын
ақ халатты абзал жандардан көмек сұрады деуге болады. Сондықтан бұл күн – барлық адамдар үшін де маңызды екендігі туралы айтуға болады.
Медицина қызметкерлерінің күнінде науқастардың Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне, фельдшерлеріне, санитарларына және өзге де жұмысшыларына ерекше алғыс білдіруге және құрмет көрсетуге таптырмас мүмкіндіктері пайда болады.
2018 жылдың 28-ші наурызында сағат 21-ден 41 минут өткенде АМО-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы кезекші диспетчерінің пультіне Бажова көшесінде жаяу жүргіншіні соғып кеткендігі жайлы дабыл келіп түсті.
0cmk1 3 Кезекшілікте болған құрамында дәрігер Муса Е.К., фельдшер Байчикова Г.Т., жүргізуші-санитар Үрпекбаев Н.А. болған шұғыл әрекет ету бригадасы 5 минуттың ішінде жол-көлік апаты орын алған жерге жетті. Дәл сол сәтте жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Зардап шегуші – жас қыз клиникалық өлім жағдайында болды: пульсі сезілмеді, тынысы болмады, көз қарашығы ұлғайған және жарыққа реакциясы болмады.
Бірден кешіктірмей реанимациялық шаралар басталды: жедел жәрдем дәрігері жүрекке тікелей емес массаж жасады, ал АМО-ның дәрігері интубация әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасады. Дәл осы сәтте филиалдың фельдшері дәрілік заттарды енгізу үшін тамырды тауып алды.
Біраз уақыт өткен соң зардап шегушіге өмірлік белгілері қайтып оралды: тынысы пайда болды, жүрек соғысы пайда болды және көзін жартылай ашты. Жанында тұрған жол-көлік апатына кінәлі адам терең дем алып, филиалдың дәрігеріне: «Рахмет, аға! Жарайсың!» деді. Содан соң зардап шекен қыз жедел жәрдем көлігімен шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді.
0cmk1 4 Бүгінгі таңда зардап шегушінің өзі де және оның туыстары да қыздарының өмірін құтқарып қалғаны үшін медицина қызметкерлеріне ерекше алғыстарын білдіруде. «Мен кома жағдайында болдым – деп Жұлдыз айтты – және АМО-ның медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлерінің өзара іс-әрекеттерінің нәтижесінде ғана тірі қалдым. Оларға көп рахмет!». «Сол күні жұмыс істеген бригадаға алғысымыз шексіз, себебі олар менің қызымды өмірге қайта әкелді» - деп Жұлдыздың анасы айтқан.
Ақтөбе облысынан да АМО қызметкерлеріне алғыс білдіруде. Вутке Надежда: «Өрт орын алған кезде маған және менің отбасыма уақытылы медициналық және психологиялық көмек көрсеткені үшін АМО қызметкерлеіне деген шексіз алғысымды білдіремін. Болған жайыттан соң қан қысымым жоғарлады, бірақ олардың көмегінің арқасында ғана инсульт болмадым. Барлық ұжымға тілерім: оңай емес жұмыстарына тек қана сәттілік, өркендеу, денсаулық және кәсіби деңгейде өрлеу!
Кравчук А.С.: «2018 жылдың 23-ші наурызында үйімде өрт болды. АМО-ның медицина қызметкерлерінің бригадасы келді. Шұғыл медициналық көмек көрсеткендері үшін, кәсіби шеберліктері үшін, адамгершіліктері үшін өз алғысымды білдіремін. Ең ауыр минуттарда уақытқа қарамастан көмекке келетін осындай адамдар көп болса деймін. Шексіз еңбектері үшін оларға алғыс айтам!».
Апаттар медицинасы орталығы төтенше жағдайлар органы жүйесінде 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келетіндігін атап өткен жөн.
Бұл жылдардың ішінде АМО вертикальді құрлымы құрылып, алты мекеме филиалдары ашылып, нормативті-құқықтық база қайта қаралып, негізгі қызметті реттейтін құжаттар қабылданды, психофизиологиялық лабораториясы мен психологиялық жүктемені жою бөлмесі бар психологиялық қызмет құрылды, трассалық медициналық-құтқару пункттері өз жұмыстарын бастап және сәтті қызмет етуде.
ТЖ жүйесіне көшкен сәттен бастап Апаттар медицинасы Орталығының қаржыландырылуы жоғарлады, бұл оның материалдық-техникалық базасын жақсартуға және төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетудің даярлық деңгейін жоғарлатуға зор мүмкіндік берді.
Бірақ, сонда да ең бастысы – құтқарылған адамдар саны болып табылады. Апаттар медицинасы орталығының құрылымдары құрылғаннан бері әр түрлі төтенше жағдайларға 25 мыңнан астам шақыртуға шығулар жасалды, мамандандырылған медициналық көмек 32 мың зардап шегушіге, шұғыл психологиялық көмек – 2,5 мың зардап шегушіге көрсетілді.
Трассалық пункттер де өзінің тиімділігін дәлелдеуде, 6 жыл ішінде қызмет етуі барысында 7,5 мыңнан аса жол-көлік апатына шақыртуға шығулар жасалған, 22 мың зардап шегушіге көмек көрсетілген, олардың 5 мыңнан астамы госпитализацияланған, өздігінен медициналық көмек алуға қаралған 13 мың адам тіркелген, оның 600 адамы емдеу мекемелеріне жеткізілген.
Статистиканың осынау құрғақ сандары қызметкерлер кәсіпқойлығының, өз жұмыстарына деген адалдығының арқасында болады!
Кәсіби мейрам қарсаңында Апаттар медицинасы орталығы қол жеткізген жетістіктері мен нәтижелеріне сүйене отырып, қызметінің нәтижесін өткізеді. Орталықтың тарихы көпшілік ұжым қызметкерлерінің күнделікті ерен еңбегінің арқасында құралған, олардың тәжірибесі орталықтың одан әрі дамуына негіз болып табылады.
Құрметті әріптестер, Ішкі істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарып жатқан медицина қызметкелері! Кәсіби мейрам – медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында шын жүректен шыққан және шынайы құттықтауларды қабыл етіңіздер!
Қиын сәттерде шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға көмек көмектесетін, ал кейде жылы сөз естуді қалайтын адамдарға көмек көрсететін, жалпы науқастар мен зардап шегушілерге шұғыл көмек көрсетуге белсенді түрде қатысатындардың барлығы – дәрігерлер, фельдшерлер, мейірбикелер, жүргізушілер әрдайым көмек көрсетуге, өз қызметтеріне әрдайым әзір, тек қана «алдыңғы сызықта» тұрады, Сіздердің ерең еңбектеріңіздің арқасында құтқарылған жүздеген адам Сіздерге алғыс айтуда. Мейрамдарыңызбен!
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ