01cmkmed 1 Маусым айының үшінші жексенбісі өз өмірін денсаулық сақтау саласымен байланыстырған әрбір азамат үшін өте маңызды. Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында әріптестерді құттықтау, жұмыс барысында қол жеткізген жетістіктерді атап өту, мамандарды мадақтау және көтермелеу жүзеге асырылады.
15 маусым күні Төтенше жағдайлар комитетінде кәсіби мейрамды атап өтуге арналған салтанатты іс-шара болып өтті.
01cmkmed 2 АМО-ның ең жақсы деген қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрі орынбасарының қолынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің ведомстволық марапаттарына ие болды.
«Еңбек ардагері» медалімен Апаттар медицинасы орталығының медициналық көмек көрсету бөлімі басшысының орынбасары Кужабаева Әлия Мағзұмқызы марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төс белгісімен Астана қаласы бойынша филиалының басшысы – Әріпбаев Сәкен Тасқұлұлы марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атты төс белгісімен Алматы қаласы бойынша филиал басшысының орынбасары Әлібеков Болат Хайроллаұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал басшысының орынбасары – Иманбаев Төлеген Иманбайұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері – Қаипов Қайратбек марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің құрмет грамотасымен Алматы қаласы бойынша филиалының операциялық-таңу бөлімшесінің медбикесі - Сопакова Айнакүл Қалыққызы марапатталды.
Барлық әріптестерімізді кәсіби төл мерекелерімен құттықтаймыз. Сіздің мамандығыңыз - бұл адамдарға мейірімділік, қамқорлық және жарық сыйлаудың арқасында сауығып кетуіне зор үлесін қосатын күнделікті еңбегіңіздің жемісі. Сіздерге медицина саласындағы маңызды нәтижелерге қол жеткізуді, сәттілік пен шаттық көңіл күйді тілейміз.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ