16 ЦМК 1 09.07.2018 жылы Ақтау қаласының «Нұрплаза» демалыс жағажайында «Қауыпсіз балалық шақ» ұранымен жарыс болып өтті. Жарысқа сауықтыру лагерлерінің барлық командалары қатысты.
Бұл шараның мақсаты: олардың экстремальдық жағдайларда тәжірибесін қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық тәрбие, моралдық-психологиялық жағдайларын жетілдіру және ұрпақтың физикалық дамуын арттыру.
16 ЦМК 2 Жарысты дайындаумен өткізілуі білім беру мекемелерімен бірге Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің аймақтық ұйымдарының өкілдерінен құралған ұйымдастыру комитетіне міндеттелді. Жарысты өткізу нақтылы судьялар алқасына тапсырылды.
16 ЦМК 3 Бағдарламаға келесі жарыс түрлері кіргізілді:
1. «Кедергілер алаңы»
2. «Біріктірілген өрт эстафедасы»
3. «Іздеу-құтқару жұмыстары»
4. «өрт-тактикалық алаңы»
Жалпы командалық есепте I-III орын алғандар дипломдармен және жүлделермен марапатталды.
Жарысты өткізу кезінде ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы филиалы қызметкерлері қатысушылардың денсаулық жағдайларына және жарақаттанудың алдын алу бағытында тұрақты бақлау жасады.
Лагерь аймағымен жарыс өткізілетін орындарда медициналық көмек көрсету және жарақат алғандарды емдеу орындарына тасымалдау шараларының өткізілуі қарастырылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Маңғыстау облысы бойынша
филиалы