28 CMK Skver 2 Кеше 2018 жылдың 24-ші шілдесінде Ақтөбе қаласы әкімінің қатысуымен, Қазақстан Республикасында тұңғыш рет «Құтқарушы алаңының» салтанатты түрде ашылуы өтті. Алаңның ашылуына қосқан үлестері үшін ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының басшысы мен жеке құрамы ерекше аталып, Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтің алғыс хатымен марапатталды.
28 CMK Skver 1 Бірнеше айлар бойы ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-нің құрылымдық бөлімшелерінің әрбір қызметкері, соның ішіндегі ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Ақтөбе облысы бойынша филиалының жеке құрамы демалыс және мейрам күндеріне және біздің аймақтың салқын климаттық жағдайына қарамастан алаңның ашылуына ерекше үлес қоса отырып еңбек етті. Қазіргі уақытта көпшіліктің ат салысуымен салынған ашық алаң, қала тұрғындары мен қонақтардың жиі барып тұратын сүйікті орындарының біріне айналды. Мұнда демалуға және мәдени - қауымдық іс-шараларды өткізуге барлық жағдай жасалған. Гүлдер мен ағаштар отырғызылған, балаларға арналған ойнау алаңдары салынған, спорттық тренажерлер қойылып, жайлы серуендеуге арналған аймақ жасалған, орындықтар орнатылып және жарықпен толық қамтамасыз етілген.
Өз қолымен салынған сұлулық, әрқашан да әрбір құтқарушының ішкі жан-дүниесіндегі патриоттық сезімді оятып және басқа азаматтарға үлгі болып табылады.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің
Ақтөбе облысы бойынша филиалының
ШМККБ-нің басшысы
Есенгалиева И.