29 CMK Teniz 1 2018 жылдың 2-3 тамызы аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің құрылымдары Маңғыстау облысында өткен Каспий маңындағы мемлекеттердің «Теңіз-2018» Халықаралық кешенді оқу-жаттығуына қатысты, жалпы оған төрт елдің – Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей және Түрікменстанның авариялық - құтқару қызметтерінің қызметкерлері қатысқан.
Оқу-жаттығуды өткізудің мақсаты – Каспий маңы мемлекеттерінің құтқару қызметтерінің Каспий теңізі акваториясында төтенше жағдайларға ден қою кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін жетілдіру, олардың бірлескен іс-қимылдары кезінде күштер мен құралдарды қолдану тиімділігін арттыру.
29 CMK Teniz 2 Оқу-жаттығудың тәжірибелік бөлімі 5 кезеңнен тұрды:
«Теңіз кемелерінің соқтығысуы барысында орын алған төтенше жағдайларды жою» атты 1-ші кезеңінде 2 бригада шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
«Каспий теңізінің акваториясындағы теңіз кемелеріндегі өртті сөндіру және адамдарды құтқару» атты 2-ші кезеңінде 2 бригада шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
«Өте қауіпті объектідегі өртті және де апаттық-химиялық аса қауіпті заттардың төгілуін жою» атты 3-ші кезеңінде 6 бригада шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
«Қондырғыдағы өртті жою» атты 4-ші кезеңіндеде 2 бригада шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
«Су басу аумағында адамдарды және олардың мүлігін құтқару» атты 5-ші кезеңінде 2 бригада шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетті.
Филиалдардың басты міндеттері:
- далалық жылжымалы госпитальді құрастыру;
- шұғыл медициналық көмек көрсету бригадаларының әрекет ету алгоритімі және зардап шеккендерді далалық жылжымалы госпитальге жайғастыру үшін құрастырып дайындап қою;
- «АМО» ММ филиалдарының жеке және өзге де бөлімшелердің құрамымен оқу-жаттығу өткізіліп жатқан аумаққа қарай уақытылы жүруге әзір болуы;
- ТЖ аймағында зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсете отырып, тәжірибелік дағдыларын шыңдау;
- апаттар медицинасы жасағы мен филиалдарының хабарлау және байланыс жүйелерінің даярлығын тексеру;
- авариялық-құтқару бөлімшелерімен, сондай-ақ өзге де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық құрылымдарымен өзара әрекет ету сұрақтарын талқылау.
Каспий маңындағы мемлекеттерінің «ТENIZ-2018» Халықаралық кешенді оқу-жаттығуына ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ-нің Алматы қ., Астана қ., Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша филиалдарының жеке құрамының 32-і адамы мен 8 бірлік автомобильді техникасы жұмылдырылды (одан әрі – «АМО» ММ).
Медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатымен оқу-жаттығудың басынан бастап соңына дейін оқу-жаттығу орындарында Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмыс істеді. Шартты түрде зардап шеккен 22 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілсе, шартты түрде зардап шеккен 14 адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Оқу-жаттығу барысында қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер орындалды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ