15 CMK Filial 1 Петропавл қаласында орналасқан Апаттар медицинасы орталығының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы өз қызметін 2014 жылы бастаған. Жабаев көшесі бойындағы МӨБ-2-де орналасқан. Орталықтың негізі қаланған сәттен бастап, орталықпен жол-көлік апатынан, өрттен, су тасуынан, жабылып қалған үйлердегі және өзге де ТЖ-дан зардап шеккен жүздеген адамға көмек көрсетілді. АМО штатында жұмыс тәжірибесі көп мамандандырылған медицина қызметкерлері қызмет етеді. Жүрек қызметінің және тыныстың кенеттен тоқтап қалуы кезінде, сынулар кезінде, шок, кома кезінде көмек көрсету дағдылары жиі өткізіліп тұрады. Қызметкерлер шұғыл-құтқару жасағымен және өрт сөндіру бөлімдерімен бірге оқу-жаттығуларға жиі қатысады. Одан басқа, мектеп оқушылары мен ересектерге төтенше жағдай орын алған сәтте дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуді үйрету үшін оларды оқытады.
15 CMK Filial 2 Орын алған көптеген төтенше жағдайлардың ішіндегі Заречный ауылындағы үйде орын алған өрт кезінде зардап шеккен ер азаматты құтқару жағдайы ерекше жағдай болып табылады. Өрт сөндірушілер ер азаматты өрттен алып шыққан соң және АМО қызметкерлеріне тапсырылып, ол адам 3-ші қалалық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды. Тасымалдау кезінде тыныс алуы мен жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Алайда фельдшердің жүрек-өкпе реанимациясын жасаудағы білікті әрі уақытылы іс-әрекеттерінің арқасында науқас стационарға аман – есен жеткізілді.
АМО құрылымында Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында орналасқан трассалық медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) өз қызметін жүзеге асырып келеді. ТМҚП вахталық әдіспен 2 аптадан 5 адам: үш медицина қызметкері, құтқарушы, жүргізуші қызмет етеді. ТМҚП қызметкерлері жол-көлік апатынан зардап шеккендерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық авиацияға араналған алаң да бар.
Құтқару автобусы қирап қалған автокөліктен адамдарды құтқарып шығарып алуға араналған арнайы құтқару құралдарымен жабдықталған. Салонда жатқан қалыптағы науқастарды тасымалдауға арналған төрт зембіл және арқасы төмен түсетін көлік орындығы бар. Қажетті дәрі-дәрімектер қоры, сондай-ақ шұғыл көмек көрсетуге арналған медициналық құрылғылар бар.
Операция бөлмесінде ауыр жарақат алған адамның жағдайын тұрақтандыру үшін жедел түрде ота жасауға, емдеу мекемесіне жеткізгенге дейін гемодинамикасын қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік бар.
Ауыр жағдайлардың бірі ретінде 2016 жылдың басында орын алған жол-көлік апатын ерекше атап өткен жөн.Онда жеңіл автокөлік медициналық санитарлық УАЗ автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан болатын. Нәтижесінде алты адам қаза тапты. Екі фельдшер жарақат алып және миокард инфарктісі бар бір науқаста аяқ сүйегінің жабық сынығы болды. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек пен госпитализацияның арқасында өлім-жітім орын алмады.
Қортындылай келсек, осындай медициналық пункттерді ашудың көп пайдасы бар екендігі туралы атап өткен жөн. Осындай қызметті ашқан адамдарға көп рахмет! Себебі солардың арқасында ғана өз отандастарымыздың, алыс және жақын маңдағы шетелдерден келген көптеген қонақтарымыздың өмірін сақтап қалуға болады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
СҚО бойынша филиалы «Келлеровка» ТМҚП-нің
фельдшері Р. Бикчентаев