14 CMK DOD 1 ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен және еріктілермен бірігіп 7-ші тамыз күні «Шиелі» трассалық медициналық құтқару пунктінде ашық есік күнін өткізді. Іс-шараның тақырыбы: «Трассалық медициналық құтқару пунктісінің қызметі және мақсаты».
Ашық есік күнін өткізудің мақсаты: трассалық медициналық құтқару пунктісінің атқаратын қызметін және оның мақсаттарын адамдарға таныстыру.
ТМҚП-нің қызметкерлері «Батыс Қытай-Батыс Европа» тас жолының 1915-ші шақырымында орналасқан «Шиелі» ТМҚП-нің қызметкерлері шақыртуларға шығатындығы және жол-көлік апатынан зардап шеккендерге, сондай-ақ жол бойында көлікпен кетіп бара жатқанда өздігінен қаралатын азаматтарға да алғашқы көмек көрсететіндігі жайлы айтып берді.
14 CMK DOD 2 Трассалық медициналық құтқару пунктісінің аға фельдшері Ш. Асхабов еріктілерді модульді ғимараттың ішімен және медицина қызметкерлерінің қолдарында бар барлық заманауи медициналық құрал жабдықтармен таныстырды. Ал фельдшер-диспетчер Г. Балтабайулы диспетчердің жұмысын толық түсіндіріп айтып берді. Фельдшер Е. Молдахметов реанимобильдегі медициналық аппараттардың қалай және қандай жағдайларда қолданатындығын түсіндіріп, сондай-ақ олармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы да баяндады. Құтқарушы А. Байгабулов пен жүргізуші-құтқарушы С. Ахметов зардап шеккендерді көліктен алып шыққан сәтте қолданатын құтқаруға арналған құрылғылармен таныстырды.
Ашық есік күніне келген қонақтар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, ТМҚП-нің жұмысына қызыға қарайтындығын ашып айтты. Мұндай іс-шаралар мекеменің ішкі имиджінің өсіп-дамуына үлкен әсерін тигізіп және болашақта өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ
Қызылорда облысы бойынша филиалының
«Шиелі» ТМҚП-нің фельдшері
Е.Молдахметов