33 СMK transport 1 2018 жылдың 20-шы тамызында ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің қызметкерлері Петропавл қаласындағы инсульт алғаннан кейін ем алып жатқан өртке қарсы қызмет ардагерін Теміртау қаласына тасымалдау және медициналық қамтамасыз ету көмегін көрсетті.
67 жастағы ер азамат, Петропавл қаласындағы туыстарының үйінде қонақта болған сәтінде, кенеттен өзін жаман сезініп және шұғыл түрде госптитализацияланды.Осы уақыт бойы ардагер үшінші қалалық аурухананың инсульт орталығында ем алып емделді.
33 СMK transport 2 Жағдайы тұрақталған соң, дәрігерлер консилиумындағы медициналық қортындыға сәйкес тасымалдауға рұқсат берілді, бірақ науқастың сол жақ денесі салданып қалғандықтан арнайы көлік қажет болды.
Ер азаматтың туыстары Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінен елге еңбегі сіңген өртке қарсы қызмет ардагерін тасымалдап беру мүмкіндігі бойынша қарастырып беруді сұрап көрген.
Апаттар медицинасы орталығы мен ТЖ Департаментінің күштері бірігіп, тасымалдауды жүзеге асырды. Арнайы реанимобильде, құрамы фельдшер және жүргізушіден құралған шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасымен зардап шеккен ер азамат тұрғылықты мекен-жайы бойынша амбулаторлық бақылауда болу үшін Теміртау қаласына жеткізілді.
Апаттар медицинасы орталығының Қазақстан аумағындағы ТЖ-дан зардап шеккен Қазақстан азаматтарын, сондай-ақ біздің мемлекетпен шекаралас Ресей Федерациясының да азаматтарын тасымалдауға ат салысып жүргендері бірінші рет емес екендігін атап өткен жөн.
Мұндай өзара белсенді түрдегі қарым-қатынас пен ынтымақтастық бір ғана мақсатпен жасалған, ол – біздің және өзге де ел азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтап қалу болып табылады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ