23 CMK Teniz 2 2018 жылдың 2 мен 3-ші тамызы аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің қызметкерлері Маңғыстау облысында өткен Каспий маңындағы мемлекеттерінің «ТENIZ-2018» Халықаралық кешенді оқу-жаттығуына қатысты. Бірден 4 елдің, яғни Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстанның құтқарушылары құрлық пен суда орын алатын төтенше жағдайлар кезінде бірлесіп іс-әрекет етуді талқылап көрсетті.
Апаттар медицинасы орталығынан оқу-жаттығуға АМО-ның Алматы қ., Астана қ., Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша филиалдары жеке құрамының 32-і адамы мен 8 бірлік автомобильді техникасы жұмылдырылды.
23 CMK Teniz 1 Медицина қызметкерлері мен психологтар барлық оқу-жаттығу орындарында жұмыс жасап, сонымен қатар авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Оқу-жаттығудың барлық кезеңінде АМО-ның күштерімен шартты түрде зардап шеккен 22 адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілсе, 14 адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Оқу-жаттығу барысында қойылған барлық мақсаттар мен міндеттер орындалды.
Төтенше жағдайлар комитетінің бұйрығымен азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және Каспий маңы мемлекеттерінің қатысуымен өткен «ТENIZ-2018» Халықаралық кешенді оқу-жаттығуының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне белсенді түрде қатысқандығы үшін АМО-ның 4 қызметкері марапатталды:
Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының грамотасымен: Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының шұғыл әрекет ету бөлімінің жүргізуші-санитары – Бейбітов Азамат Сағындықұлы және Апаттар медицинасы орталығының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының госпитализациялау бөлімшесінің дәрігері – Серғазин Самиголда марапатталды.
Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының алғыс хатымен: Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы –
Аманов Мерей Мырзағабылұлы және Апаттар медицинасы орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының шұғыл психологиялық көмек көрсету тобының психологі – Давлетова Гүлсезім Амантайқызы марапатталды.
ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының басшысының бұйрығымен өз қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны және Каспий маңы мемлекеттерінің қатысуымен өткен «ТENIZ-2018» Халықаралық кешенді оқу-жаттығуының дайындығы мен өткізілуіне белсенді түрде қатысқандығы үшін Апаттар медицинасы орталығының 23 қызметкері грамотамен марапатталды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ