Менингит (миқұрт) – бұл жүйке жүйесінің қатерлі ауруы. Менингит кезінде бас миының қатты қабыршықтары түрлі вирустар мен бактериялардың әсерінен зардап шегеді. Сонымен қатар менингит бас зақымының әсерінен немесе елеулі емделудің салдарынан дамуы мүмкін. Ауруға шалдығудың бірінші түрінің алғашқы кезінде-ақ, яғни инфекция жедел миға түседі, немесе екінші түрінде, яғни менингиттің дамуына басқа инфекциялардың (құлақтың қабынуы, қойнаудың қабынуы, фарингит, желшешек және т.б.) әсер етуі болып екіге бөлінеді. Қорғаныш гематоэнцефалды кедергіден бас миына өтіп, бактерия мен вирустар ол жерде кедергісіз көбейе алады. Өйткені бұл аймақта бактериялар мен вирустарға төтеп беруге қарсы денелер жоқ. Сол себепті менингитпен (миқұрт) дер кезінде емделіп, ауруды тоқтату керек.
Статистикаға сүйенсек, менингиттің 80 пайызы (ұшық, паротит, энтеровирус) сынды вирустардың әсерінен пайда болады. Бұндай аурулар жеңіл өтеді және алдын - ала емделген жағдайда емделуші толық сауығып кете алады.
Менингиттің ең ауыр түрі - бактериальді (пневмококкты, гемофильді, менингококкты және туберкулезді) аурулар. Олар жылдам дамиды, себебі қоздырушы-бактериялар қан ағымына еніп күрделі асқынуларды жиі шақырады. Олар өлімге әкелулері мүмкін.
Минингтпен кім және қашан ауруы мүмкін?
Қауіп-қатер тобында – балалар! Менингитпен аурудың шыңы балалар арасында 1-ден 6-ға дейінгі жасқа келіп тұр. Мектеп оқушыларының арасында менингитпен ауру, ересектермен салыстырғанда көбірек.
Менингиттің(миқұрт) маусымдық түрі бар: бұл ауруға шалдығу көбіне қыс-көктем айларында жиілейді. Себебі бұл кезде вирустар мен бактериялардың пайда болуы және таралуы жиірек. Сонымен қатар менингиттің жылдық циклі бар. Әр 10-15 жылда ауруға шалдығудың деңгейі көтеріледі.
Минингиттің (Миқұрттың) белгілері.
Менингиттің басқа вирусты және бактериялы аурулардың белгілерімен қатар өзіндік ерекше белгілері бар. Оларды әрбір ата-ана білуі қажет!
• Дененің жоғарғы температурасы (көп жағдайда жоғарғы температурада баланың аяқ-қолдары суық болуы мүмкін),
• бастың өте қатты ауруы,
• көп рет құсу (алайда құсу жеңілдік алып келмейді),
• желке бұлшықеттерінің ебедейсіздігі (бала басын алдыға ие алмайды, сол себепті көп жағдайда менингитпен ауратын адам басын артқа еңкейтіп жатады),
• жарықтан үрку,
• терінің бозаруы,
• сіңірдің түйілуі,
• сананың шатасуы немесе жоғалуы,
• басқан кезде жоғалмайтын, қызыл немесе күлгін түстегі бөртпелер менингитке тән, менингоккокты инфекцияның әсерінен),
• ерте жастағы балаларда (1 жасқа дейін) менингиттің басты белгісі : ұзақ уақыт жылау, ісіну.
Егер, жоғары температурамен қоса жоғарыда көрсетілген белгілердің біреуі болса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Менингиттен кейінгі асқынулар.
Егер дер кезінде ем алса, менингит жеңіл қайтады. Алайда көп жағдайда баланың денсаулығы менингиттен кейін біраз нашарлайды. Менингиттен кейінгі асқынуларға төменде көрсетілген белгілер жатады.
• көңіл бөлудің бұзылуы, тітіркенгіштік, ашушаңдық, бастың жиі ауруы; есту қабілетінің жоғалуы немесе кереңдік;
• сөйлеу қабілетінің іркілісі, психикалық дамудың жалпы кідірісі;
• гидроцефалия (бассүйек ішіндегі қысымның артуы);
• эпилептикалыққа ұқсас ұстамалықтар.
Әртүрлі жағдайда бұл белгілер әлсіреп, уақыт өте келе жоғалып кетуі мүмкін. Сонымен қатар кейде белгілер адамның өмірінің соңына дейін қалып қою мүмкін.
Менингиттен (Миқұрттан) қалай қорғануға болады?
Өкінішке орай бұл аурудың панацеясы жоқ. Себебі ол көптеген вирустар мен бактериялардың әсерінен туындауы мүмкін. Алайда бұл аурудан алдын ала қорғанудың және оның күрделі түріне ұшырамаудың бірден-бір жолы балаларды дер кезінде туберкулез, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, инфекциялы паротит және қызамыққа қарсы вакцинациялау.
Бұл вакциналардың бәрі мемлекеттің атынан тегін жасалады. Себебі олар профилактикалық егудің ұлттық күнтізбесіне енген. Егер бала балабақшаға баратын болса, оны пневмококты, менингококты және b типіндегі гемофильді инфекцияға қарсы егу артық болмайды. Біздің елімізде бұл егулер жалпы мемлекеттік масштабта жасалынбайды және ата-анамен төленеді.
Менингит (миқұрт) әлсіреген, көп ауыратын балаларда жиі пайда болады. Сол үшін аурудың алдын алу жолдарына баланың иммунитетін арттыру жатады. Яғни:ағзаны шынықтыру, таза ауада серуендеу, физикалық жүктемелер, дұрыс тамақтану және вирусты және бактериялды инфекциялардың дер кезінде алдын алу.
Мұны білу өте маңызды!
• Менингитпен өмірде бірнеше рет және оның бірнеше түрімен ауруға болады. Бұл дерттке қарсы ағзаның иммунитеті жоқ;
• менингитпен аурудың көп жағдайы емделуге бейім. Әсіресе егер емделу шаралары алғашқы күндерде орындалған болса. Емделу қаншалықты кеш басталса, асқыну соншалықты жоғарылауы мүмкін;
• кейбір адамдардың менингитке генетикалық түрде бейімділігі бар. Мысалы: егер сіздің отбасыңызда біреу осы аурумен ауырған болса, балаға менингококты, пневмококты және b типіндегі гемофильді инфекцияға қарсы егілу қажет.
• вирусты менингитті бактериялды менингиттен ажыратудың жалғыз белгісі жұлын-ми сұйықтығының анализі. Менингиттің түрін алдын ала ажырата білу өте маңызды, себебі емделу олардың түрлеріне байланысты өзгереді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Қарағанды облысы бойынша филиалының
ШМККБ-нің дәрігері
Шегай Е.Б.