2018 жылдың 1-2 қарашасы аралығында елімізде «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» атты тақырыбында «Қыс – 2018» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты: қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру болып табылады.
РКШОЖ-на Апаттар медицинасы орталығының 16 филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бригадалары, сондай-ақ трассалық медициналық – құтқару пункттері қатысады.
Дайындық кезеңінде сценарий мен оқу-жаттығуды өткізу жоспары қарастырылып, күштер мен құралдардың саны анықталған.
АМО-ның жеке құрамымен қысқы кезеңде зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша инструкторлық – әдістемелік сабақтар өткізілді; ТМҚП мен филиалдардың кезекші-диспетчерлік пункттері байланыс жүйесінің үздіксіз әрі тұрақты түрдегі жұмысының даярлығы тексерілді; шұғыл әрекет ету бригадасының жергілікті басқарма органдарымен өзара қарым-қатынасы ұйымдастырылды; дәрілік заттардың және медициналық құрал-жабдықтардың қорын құру қамтамасыз етілді.
Оқу-жаттығудың басшылық штабы Астана қаласында орналасады.
Бүкіл республика бойынша өтетін оқу-жаттығу барысында ТЖ-ды жою іс-әрекеттері мен зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ