16 TSMK KYS 1 Қазақстан Республикасының аумағында қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау бойынша «Қыс – 2018» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы аяқталды.
16 TSMK KYS 2 Екі күн бойы – 1-2 қараша аралықтарында – құтқарушылар, өрт сөндірушілер, әскери азаматтар, полиция қызметкерлері, медицина қызметкерлері және де барлық коммуналдық қызмет қызметкерлері төтенше жағдайларға толы қыс мезгілінде бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынас жасауды үйренді.
ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының құрылымдары электроэнергетикалық байланыс жүйесіндегі аварияны жою әрекеті, сумен қамту бойынша, өрт сөндіру бойынша, жол-көлік апаты, қар басып қалған кезде зардап шеккендерді құтқару және эвакуациялау жағдайларындағы медициналық-санитарлық зардаптарды жоюдың болжамалы әдіс-тәсілдерін теория жүзінде дайындап, оқу-жаттығуға белсенді түрде қатысты.
Республикалық оқу-жаттығуға Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының жалпы адам саны 88 адамды құраған 17 шақты шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы мен 9 трассалық медициналық – құтқару пунктісі қатысып, сондай-ақ 26 бірлік техника жұмылдырылды.
Сол кезде шартты түрде зардап шеккен 58 адамға медициналық көмек көрсетіп, 26-сы госпитализациялады, шартты түрде зардап шеккен 12 адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
«АМО» ММ құрылымдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша тапсырмаларды орындау мен шұғыл әрекет ету бойынша жоғары дәрежедегі даярлықта екендіктерін көрсетті.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталғы» ММ