Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ психологтары негізгі міндеттерден бөлек: ТЖ зардап шеккен адамдарға шұғыл психологиялық көмек көрсету және жеке құраммен жұмыс істеуден тыс, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының бөлімшелерімен жүргізілетін іс-шараларға белсенді қатысады.
2018 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ Мамандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы) мемлекеттік мекемесімен «Қазіргі таңдағы ІІО қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық дайындығындағы басшының рөлі» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді. Сабаққа ІІМ МҚҚБ қызметкерлері, Астана қаласы МҚҚБ, ІІМ Үкіметтік мекемелерді және Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полктерінің батальон командирлерінің орынбасарлары, взвод командирлері, инспектор-психологтары, кадр жұмысы бөлімдерінің бастықтары қатысты.
Семинарға өз әрекетінің құзыреттілігіне қатысты мәселелерді сипаттаған «Апаттар медицинасы орталығы» ММ психолог-мамандары, «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» МКҚМ, «МКҚБ» ММ қатысты.
Шұғыл психологиялық көмек көрсету бөлімінің басшысы-психолог А.Ю. Вовк бұл шараға «Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен ІІО қызметкерлеріне шұғыл психологиялық көмек көрсету» тақырыбында дәріс оқып, белсенді қатысты. Дәріс кезінде слайд және бейне-материал түрінде көрнекті материалдар пайдаланылды.
Осындай іс-шараларға психологтар қатысуының маңыздылығын атап өту қажет: әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің психологтарына кәсіби әрекеттің тәжірибесімен алмасуға және бөлімшелер арасында өзара әрекеттестікті жақсартуға мүмкіндік береді.
 
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Шұғыл психологиялық көмек көрсету бөлімі