12 Aqtobe CMK PsiholoGy 1 28.11.2018 ж. жергілікті уақыт бойынша сағат 15.50-де, Ақтөбе қаласының ТЖД БКДҚБ қақтығыс туралы қоңырау түсті. РФ Оренбург облысында Елшанка ауылының маңында жүк көлігімен шағын автобустың соқтығысуы болғаны туралы хабарлама түсті. ЖКО салдарынан 5 адам қаза болып, 2 адам ауыр күйде Соль-Илецк қаласының ауруханасында жатыр.
12 Aqtobe CMK PsiholoGy 2 Ақтөбе қаласының ТЖД оперативті штабында зардап шеккен және қаза тапқан адамдардың туыстарына, жақындарына ақпараттық қолдау, шұғыл психологиялық көмек көрсету мақстында көрсету мақсатында сағат 15.30-да (жергілікті уақыт бойынша) «Ыстық желі» телефоны ұйымдастырылды. Кезекшілік «Апаттар медицинасы орталығы» Ақтөбе қаласы бойынша филиалының психологі Г.А. Давлетовамен жүзеге асырылды.
«Ыстық желі» жұмысы кезінде барлығы 7 қоңырау қабылданды: оның ішінде: 5 абонентке шұғыл психологиялық көмек және 2 абонентке ақпараттық-түсіндіру сипатындағы көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының ТЖД ғимаратында қаза тапқандардың 3 туған-туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
12 Aqtobe CMK PsiholoGy 3 Қоңырау шалған абоненттермен психолог жұмысының қиындығын атап өту керек. Себебі, психологқа қаза тапқан адамдар жайлы деректерді хабарлау қажет болды. Республикамыздың түрлі облыстарынан қоңырау шалған қаза болғандардың туған-туыстары ЖКО-сында олардың туысы немесе жақын адамы қаза болғанына сенбей, барлығы дерлік стресске өткір реакция түрінде қарқынды жылау мен қорқыныш көрсетті. Психолог туған-туысқандармен көзбе-көз жұмыс жасау барысында ұқсас реакцияларға тап болды. Қашықтықтан және көзбе-көз өзара жұмыс кезінде психо-эмоционалдық жай-күйін қалыпқа келтіру, моральдық қолдау белсенді және пассивті тыңдау, денеге бағдарланған психотерапия, нейролингвистикалық бағдарламалау техникалары арқылы жүзеге асырылды.
«Ыстық желі» телефонының жұмысы 28.11.2018 ж. сағат 20.30-да аяқталды.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ