01.12.2018 сағат 01-сағ 31мин Приозерск қаласының кезекші бөлімшесінен Қарағанды облысындағы Сары-Шаған ТМҚП диспетчеріне автокөлік сынған салдарынан Алматы-Екатеринбург автожолында адамдардың тоңып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Төтенше жағдайлар бойынша әрекет ету бригадасы дәрігер, фельдшер, жүргізуші мен құтқарушыдан тұратын даладағы мұздауға немесе үсіп жатқан адамдарға көмектесуге шықты, себебі әр минут адам өмірі үшін өте қымбат. Түн ортасында автокөлік жолындағы автокөліктер тоқтаусыз өтеді, себебі адамдар өз өмірлері үшін қауіптенеді. Қарақшылық жағдайлары жиі кездеседі, сондықтан барлық адамдар тоқтамайды. «Сары-Шаған» ТМҚП диспетчері бір мезгілде бұл оқиғаны автокөлік жолының осы бөлігіндегі жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылайтын жол полициясының қызметкерлеріне хабарлады. Автокөлік бұзылған жерге келген соң, олар біздің көрші мемлекеттің -Қырғызстан Республикасы азаматтары екендігі анықталды. Олар Қарағанды облысы Алматы-Екатеринбург автожолымен, Газель автокөлігімен үйіне баруды жоспарлаған, бірақ 575 шақырым қашықтықта автокөлік сынған. Дәрігер барлық жолаушылар мен жүргізушіні тексергеннен кейін, Төтенше жағдайларда әрекет ету бригадасы 8 адамды, Сары-Шаған ауылындағы «Демалыс үйіне» жылы және жайлы бөлмелерге орналастыру бойынша эвакуацияны жүзеге асырды. Мұздаудан және үсіп қалудан құтқарылған Қырғызстан Республикасының азаматтары ТМСП Сары-Шаған қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп шын жүректен алғыс білдірді!
 
«Сары-Шаган» ШӘБ дәрігері Ховрин В.В.