Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында 11 сағат 45 минутта Батыс Қазақстан облысындағы «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалының кезекші фельдшеріне өндірістегі жазатайым оқиға туралы ақпарат түсті.
Көрсетілген мекен-жайға тез арада, АМО БҚО бойынша филиалының жедел медициналық көмек көрсету бригадасы жіберілді.
Оқиға орнына келгеннен кейін, 27 жастағы ер адам фрезер станогында жұмыс істеп жатқанда, жұмысшының сол жақ аяғын жұмыс істеп тұрған жабдығы тартып әкеткені мәлім болды, нәтижесінде оның ішінара травматикалық ампутациясы орын алды.
Ер адам шок жағдайында болды, өздігінен жұмысшы аяғын шығара алмады. Құтқарушылар аяғын шығарғанша, АМО дәрігерлері жедел жәрдем қызметімен бірге инфузиялық және ауырсынуды бәсеңдету терапиясын жүргізді.
Құтқару шаралары аяқталғаннан кейін, жағдайының ауырлығына және шұғыл ота жасау керкетігіне байланысты зардап шегушіні санитарлық авиация тікұшағымен Орал қаласындағы көппрофильді ауруханаға жеткізуге шешім қабылданды.
Бүгінгі күні зардап шегуші ауруханада жатыр, оның жағдайы дәрігерлердің бағалануы бойынша тұрақты.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ