24 CMK Kreshenie 1 19 қаңтарда православиелік христиандар Шоқындыру мерекесін атап өтті, ол мерекенің мұз қатқан өзеннің арнайы жасақталған орындарында суға түсу салты міндетті түрде орындалады.
Қазақстанда бұл мейрамды христиандар ғана тойламайды, түрлі ұлт өкілдері мұзды суға түсу үшін кезек құрды.
Бұл күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, шұғыл әрекет ету қызметімен, полиция және құтқарушылармен бірге Апаттар медицинасы орталығының медицина бригадалары кезекшілік етеді.
Осы жылы іс-шараны медициналық ілестіруді Апаттар медицинасы орталығының 23 шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы, 69 адам жүзеге асырды.
Мұзды суға түсу ағза үшін түрлі сырқатты жай-күйге әкеп соғатын стресс болғандықтан, дәрігерлер суға түсушілердің жай-күйін бақылады, көмекті қажет еткен адамдарға көмек көрсетті.
Осы жылы ірі ТЖ мен өлім-жітім болған жоқ. 19 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді – біреуін суық ұстаса, екіншісінде қысым көтерілді. Алайда медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, адамдар үйлеріне жіберілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ