Өрт кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсету – «АМО» ММ ШҚО бойынша филиалының шұғыл әрекет ету бригадасы жұмысының ажырамайтын бөлігі. Әсіресе, бұл қыс мезгілінде жиі болады. Қарлы уақытта баспанасыз қалуды ешкімге тілемессің. Кезекті аттануда, анасы мен ересек баласы тұрған үй толығымен жанып кетті. Жас ер азаматқа медициналық көмек көрсетілді (жігіттің қолын күйік шалды). Ал әзірге дәрігерлер барлық қажеттіліктерді жасағанша, зардап шеккен әйелмен психолог жұмыс істеді.
Үй иесінің қандай күйде болғанын сипаттау қиын: мүлік үшін күйзелу, ұлының денсаулығы үшін толқу... және соның нәтижесі: өзін нашар сезіну, жүйке дірілі, бейберекет тыныс, шатасқан сөздер. Психологтарда сиқырлы дәрілер немесе арнайы аппараттар жоқ. Тек сөздер мен түрлі техника ғана. Бірақ нақ керекті сөзді тауып айту, адамдарды тыңдау және есту шеберлігі арқасында, қиындыққа тап болған зардап шегушілердің эмоциялық ширығуын төмендетеді. Психологпен бірнеше минут сөйлесу барысында зардап шегуші өзін жақсы сезіне бастады, өз күшіне деген сенімділігі оралды және тіпті болашақта жасалатын іс-әрекеттер жоспары пайда болды.
Осылайша күн сайын психолог-мамандар көптеген адамдарға, өмірлеріндегі жағымсыз оқиғаларды жеңілірек және сондай күйзелмей басынан кешіруге көмектеседі.
 
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ ШҚО бойынша филиалының психологы Логачева Э.С.