30 CMK ASR Deti Ақпан айының бірінші күні ауа райының күрт суықтығына, боран мен қатты желдің салдарынан Ақмола облысының жолдарында қозғалыс тоқтатылды. Қаланың және облыстың шұғыл қызметтерінің онсыз да қиын жұмысы одан сайын қиындады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, дәрігерлер мен құтқарушылар үздіксіз қызмет етеді.
Осындай ауа-райы жағдайында медициналық көмек алу үшін азаматтардың өтініштерінің саны күрт өсуде.
5 ақпанда Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығы "жедел жәрдем" автокөліктеріне кедергі болды.
Ақмола облысының Нұрлы ауылында бір жасар балаға шұғыл медициналық көмек қажет болды. "Жедел медициналық жәрдем" машиналарына ауылға кіру қиын ауа-райы жағдайларына байланысты шұғыл түрде шектелді, Астана қаласы бойынша "АМО" ММ филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасын жіберу туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер зардап шегушіге жоғары өтімді техника – "Trecol"автокөлігінің көмегімен жетті. Тексеруден кейін, БОЭМП дәрігерлері баланы Астана қаласының қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізуге және емдеуге жатқызуға шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ