35 CMK brifing 1 2019 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.М. Күлдіковтің. басқаруымен Апаттар медицинасы орталығының аумақтық филиалдарының басшыларымен 2018 жылғы қызметті қорытындылау бойынша видеоселекторлық кеңес өткізілді.
Іс-шараға "АМО"ММ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және 17 аумақтық филиалдарының басшылары қатысты.
35 CMK brifing 2 Басшының орынбасары Т. В. Яровенко "АМО" ММ құрылымдарының 2018 жылы шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша қызметіне талдау жасады.
Өткен жылы Апаттар медицинасы орталығының бригадалары 5 мыңнан астам шығу жасап, оның ішінде 4,5 мың шұғыл медициналық көмек, 500-ге жуық зардап шеккенге психологиялық көмек көрсетті. Трассалық медициналық құтқару пункттерінің күшімен ЖКО кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін 1,5 мың шығу жүзеге асырылып, 3 мыңнан астам адам құтқарылды.
Құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Апаттар медицинасы орталығы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетуге байланысты жауапты міндеттерді шешеді.
Кеңесте "АМО" ММ 2018 жылғы қызметінің қорытындысы, медициналық, психологиялық, қаржы-шаруашылық, санитарлық-ағарту жұмыстары бойынша өткізілген іс-шаралар талқыланды. Күнделікті қызметтің өзекті және жиі туындайтын проблемалық мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында 2019 жылға Апаттар медицинасы және трассалық медицина орталығын жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл және қызметті үйлестіру бойынша басым міндеттер анықталды.
 
ҚР ІІМ ТЖК" Апаттар медицинасы орталығы " ММ