ҚР ІІМ ТЖК "ЦМК" ММ Қарағанды облысы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек бригадасы 2019 жылғы 14 тамызда ҚР ІІМ ТЖК «Өмір» Құтқару шеңбері» бойынша республикалық акциясына белсенді қатысты. Аталған акция Қарағанды облысының ТЖД, «Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі» ММ, «Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы» ММ-мен қоса бірлесіп Қарағанды қаласының Федоров су қоймасындағы СҚҚ және Саран қаласының тас карьерінде өткізілді.
Халықты оқыту мақсатында манекеннің жүрек-өкпе реанимациясының базалық кешенінің арқасында су айдынында демалушыларға суға батқан кезде алғашқы медициналық көмекті көрсетуін паш етті, сондай-ақ балалар мен ересектердегі «күн күйігі» кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыбы бойынша дәріс оқылды.
«Өмір» Құтқару шеңбері» беру аясында Республикалық акцияның мақсаты халыққа судағы қауіпсіздік ережелерін және ашық су айдындарында демалу кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін жеткізу болып табылады.
Одан әрі «Өмір» Құтқару шеңбері» эстафетасы Ақмола облысына беріледі.
ҚР ІІМ ТЖК" АМО" ММ
Қарағанды облысы бойынша БОЭМП
филиалдың бөлім басшысы
А.Алдабекова