Төтенше жағдайдың түр-түрі болған кезде уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету көбінесе медицина қызметкерлерінің біліктілігіне, медициналық жабдықтар мен техниканың болуына байланысты. Жедел медициналық көмек автомобилі - бұл медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді және медициналық мүліктерді тасымалдау үшін құрастырылған арнайы көлік.
"АМО" ММ құрылымдарының жұмысы - шұғыл медициналық көмек, ол үшін заманауи жабдықтар қажет, осындай жарақтандырудың арқасында емдеумен байланысты барлық шұғыл іс-шаралар тікелей машинада жасалады және қымбат уақытты жоғалтпай өткізіледі.
ҚР ІІМ ТЖК басшылығы «АМО» ММ-нің материалдық-техникалық базасын, құралымдардың жарақтандырылуынжақсарту мақсатытнда және медиицналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында медициналық құрал-жабдығы бар Газ-2705 базасындағы 4 бірлік реанимобиль сатып алында және берілді. Бұл көліктермен «АМО» Павлодар, Ақтөбе облыстары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласындағы филиалдары жабдықталады.
Батыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарының ТЖ департаменттері тарапынан медициналық жабдықтармен жабдықталған санитарлық автокөліктерді сатып алғаннына ерекше назар аударғымыз келеді.
Бүгінгі күні ТЖ департаменттерімен берілген арнайы көлік құралдары біздің азаматтарымыздың өмірін құтқаруда үлкен үлес қосуда.
«АМО» басшылығы және жеке құрамы Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығына және жоғарыда көрсетілген облыстардың ТЖ департаментеріне қамқорлық танытқандары үшін үлкен алғыс білдіреді!
ҚР ІІМ ТЖК «Апатттар медицинасы орталығы»ММ