10 1 2019 жылдың 29 тамызында сағат сағат 36 минута кеткенде ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының фельдшер-диспетчеріне Қызылорда қаласы, Шымкент көшесі №1 мекен-жайында орналасқан «Інжу-Нұр» балабақшасының жер төлесінде электр тоқтарының қысқаша тұйықталуы салдарынан өрт оқиғасы орын алып, түтін шығуда деп хабар түсті.
10 2 Оқиға орынына филиалдың шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы келген кезде балабақшадағы балалар және тәрбиешілер сыртқа шығарылып, оқшауланған еді. Зардап шеккендер мен күйік жарақатын алғандар жоқ.
Үрейленіп, жылап, қорқып қалған 34 бүлдіршінге филиал психологы дебрифинг әдісі арқылы шұғыл психологиялық көмек көрсетті. Яғни балалардың жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығаруға көмектесіп, белсенді тыңдау әдісін қолдана отырып 1 сағат көлемінде жұмыс жасады. Балабақша әкімшілігі психолог жұмысына риза болып, алғысын білдірді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы»
ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы