9 1 10 - 20 қыркүйек аралығында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында құтқару бөлімшелерінің «Қазқұтқару-2019» республикалық жиын-семинары өтеді.
Халықаралық жиын-семинарды медициналық және психологиялық қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының Апаттар медицинасы жасағының жеке құрамы 15 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылады.
9 2 Ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап полигонда оқу орындарын дайындау басталды, оны медициналық қамтамасыз етуге Алматы қаласы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша екі бригада, құрамында 6 адам және екі техника бар.
Оқу-жаттығу аясында «АМО» ММ жеке құрамымен сұрақтар пысықталады:
- далалық жылжымалы госпиталді құрастыру кезінде АМО ММ филиалдарының жеке құрамының өзара іс-қимылы;
- шұғыл медициналық көмек көрсету бригадаларының әрекет ету алгоритімі және зардап шеккендерді далалық жылжымалы госпитальге жайғастыру үшін құрастырып дайындап қою;
- ТЖ аймағында зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды пысықтау;
- филиалдардың хабарлау және байланыс жүйелерінің дайындығын тексеру;
- авариялық-құтқару бөлімшелерімен, сондай-ақ өзге де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық құрылымдарымен өзара әрекет ету сұрақтарын талқылау.
ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ